Cипаттамасы
Аккредитация
Аңдатпа
Бейне
Фотогалерея
Аккредитациядан өткен БАҚ арналған медиаконтент
Жаңалықтар
EXPO картасы

Медиа-орталық / Жаңалықтар / 2017 / Қарағанды EXPO 2017 жобаларын енгізуде

EXPO 2017 көрмесі Қарағанды өңірінің экономикасының өсімін ынталандырды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов мәлім етті.

Көрмеде ұсынылған технологиялар арасынан ары қарай зерттеу мен енгізу үшін 31 жоба іріктеліп алынды. Соның ішінде, қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату зауытының финдік жобасы. Бүгін әкімдік осы технология негізінде қоқыс өңдеу зауытының құрылыс мүмкіндігін қарастырып отыр.

Ерлан Қошанов көрсеткендей, қарағандылық ғалымдар «Нұр Әлем» ұлттық павильонында өз ғылыми әзірлемелерін ұсынған. Үш жоба іске қосылды. Бұл «шағын ГЭС» биогазды қондырғысы, ауылдық аудандардағы шағын ГЭС және гидродинамикалық жылытқыштар. Жалпы 2020 жылға қарай облыста «жасыл энергетиканың» алты жаңа нысаны іске қосылмақ. Осы көздердің жалпы қуаттылығы 261 мегаватт.

Әкімнің айтуынша, EXPO 2017 туризмнің дамуына әсер етті. Қарағанды облысының 31300 мыңнан астам тұрғыны EXPO 2017 және Астанаға барып келді. Қарағандының өзіне де қызығушылық өсті: биыл өңір 20 пайызға артық туристерді қабылдады. Шипажай аймақтарында олардың саны 42 пайызға артты. ЭКСПО-ға дайындық барысында облыста 9,3 млрд теңге көлемінде 26 жаңа туристік нысан салынды.

 

 


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017