Cипаттамасы
Аккредитация
Аңдатпа
Бейне
Фотогалерея
Аккредитациядан өткен БАҚ арналған медиаконтент
Жаңалықтар
EXPO картасы

Медиа-орталық / Жаңалықтар / 2017 / Microsoft ЖЭК энергиясын сатып алады

Еуропада Microsoft корпорациясының қатысуымен жаңғыртылатын энергия сатып алу туралы екінші корпоративтік келісімге қол қойылды.

Компания Vattenfall энергетиктерімен барлық электр қуатын сатып алу бойынша 10-жылдық келісім жасады. Энергияны Голландияда Амстердамның қасында орналасқан қуаттылығы 180 МВт Wieringermeer wind farm жел электр станциясы шығаратын болады.

Жел энергиясы Нидерланд елінде салынып жатқан жел электр станциясының қасында орналасқан Microsoft дата-орталықтарының жұмысын қамтамасыз етеді.

Нидерландтың ең ірі Wieringermeer wind farm жел паркі 2019 жылы жұмысын бастайды. Биылғы жылдың қазан айында Microsoft осыған ұқсас келісімді Ирландияда жасаған болатын. Ондағы GE тиесілі жел электр станциясының қуаты 37 МВт, әрі ол 15 жыл «Microsoft-қа жұмыс істейтін болады».

Осылайша, Еуропада корпорациялар қатысуымен таза энергияны сатып алу бойынша екіжақты келісімдер тәжірибесі кеңінен тарауда. Швециялық Vattenfall мемлекеттік энергетикалық компаниясы үшін бұл Скандинавиядан тыс жердегі мәліметтерді өңдейтін орталықтарды жаңғыртылатын энергиямен қамтамасыз ету бойынша алғашқы мәміле.

Нидерланд ғалымдары Wieringermeer wind farm жел электр станциясын EXPO 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында өткен «Болашақ энергиясы» форумында таныстырған болатын.

 

 


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017