Cипаттамасы
Аккредитация
Аңдатпа
Бейне
Фотогалерея
Аккредитациядан өткен БАҚ арналған медиаконтент
Жаңалықтар
EXPO картасы

Медиа-орталық / Жаңалықтар / 2017 / В. Лоссерталес: «ХКБ тарихындағы ең жемісті Мамандандырылған Көрмені өткізумен құттықтаймын»

Халықаралық көрмелер бюросының Бас хатшысы Висенте Лоссерталес «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімовқа алғыс хат жолдады.

Хатта ХКБ Бас хатшысы оның Қазақстан Республикасы Президентінің «Достық» орденімен марапатталуы үлкен құрмет екендігін көрсетті.

Сондай-ақ Висенте Лоссерталес Астана қ. өткен ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі ұйымдастырушының қосқан үлесінің арқасында жемісті өткенін атап өтті.

«Қатысушы елдер мен қызметкерлерімізден өткізілген әсерлі Көрме туралы сан рет естідім. ХКБ тарихындағы ең жемісті Мамандандырылған Көрмені өткізумен шын жүректен құттықтаймын және оны жүзеге асыруға қосқан үлестеріңіз үшін алғыс білдіремін», - деп көрсетті Висенте Лоссерталес.

Еске салсақ, 2017 жылдың ақпанында ХКБ Бас хатшысы Висенте Лоссерталес Астана қ. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингтегі сөзінде «Астана ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі соңғы 25 жылдағы ең табысты көрме болады деп атап өткен болатын.


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017