Cипаттамасы
Аккредитация
Аңдатпа
Бейне
Фотогалерея
Аккредитациядан өткен БАҚ арналған медиаконтент
Жаңалықтар
EXPO картасы

Медиа-орталық / Жаңалықтар / 2017 / ХКБ Бас хатшысы Висенте Лоссерталес Қазақстан Президентін құттықтады

Халықаралық көрмелер бюросының Бас хатшысы Висенте Гонсалес Лоссерталес Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесінің жемісті өтуімен құттықтап, осы көрмеге қатысқан елдердің жылы лебіздерін жеткізді, деп хабарлайды «Казахстанская правда» газеті.

«Менің атыма қатысушы елдерден ЭКСПО көрмесі мамандандырылған көрмелер тарихындағы ең жарқын әрі жемісті болғаны жөнінде хаттар келіп түсуде. Бұл келешекте өтетін мамандандырылған көрмелердің дамуына септігін тигізетініне сенімдімін. Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесінің табысты болуына Сіздің жеке қолдауыңыздың және бұл жобаны іске асыруға белсенді түрде атсалысуыңыздың арқасында қол жеткізілді. Қазақстан Үкіметі және Ахметжан Есімов басқаратын «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы көрме инфрақұрылымының алғашқы қонақтарды қабылдауға дайын болуын қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар халықаралық көрмеге қатысушылардың бәрі қазақтың ерекше қонақжайлылығын сезінуі үшін қолдан келгенін аямады.

Мүмкіндікті пайдалана отырып, Сізге мені құрметтеп, Қазақстан Республикасының «Достық» орденімен марапаттағаныңыз үшін алғыс білдіремін. Маған бұл шешім туралы хабарлағанда, тебіренісімді жасыра алмадым. Сізбен алты жыл бойы тығыз жұмыс істеу менің өмір жолымдағы ең баға жетпес тәжірибе болғанын айтқым келеді. Мен Астанаға келіп, көрме аумағын көріп, сондай-ақ тек Қазақстан халқы үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін салынған ЭКСПО-2017 көрмесінің мұрасымен танысамын деп үміттенемін», - делінген жеделхатта.

Прехиденттің баспасөз қызметі хабарлағандай, Висенте Гонсалес Лоссерталес Қазақстан мен Халықаралық көрмелер бюросы арасындағы өзара тығыз іс-қимылды жалғастыруға ниетті екенін айтты.

Естелік фото: 2014 жылдың 21 қазанында Нұрсұлтан Назарбаев EXPO 2017 тексеруге келген Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы Висенте Лоссерталеспен кездесті.


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017