Бейне
Фотогалерея
Аккредитациядан өткен БАҚ арналған медиаконтент
Жаңалықтар
EXPO картасы

Медиа-орталық / Жаңалықтар / 2017 / Бақытжан Сағынтаев EXPO 2017 көрмесінде ұсынылған жаңа технологияларды енгізу мәселелері бойынша кеңес өткізді

Қазақстан Үкіметінің басшысы Бақытжан Сағынтаев EXPO 2017 халықаралық көрмесінде ұсынылған жаңа технологияларды енгізу мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлады ҚР Премьер- министрінің баспасөз қызметі.

Кеңес барысында EXPO 2017 көрмесінде ұсынылған ғылым, ауыл шаруашылық, ақпарат және коммуникациялар, теміржол саласы, тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық, азаматтық авиация, сондай-ақ қорғаныс пен аэроғарыш өнеркәсібі салаларындағы жаңа технологияларды қолдану мәселелері талқыланды. Осы тұрғыда ҚР Білім және ғылым министрлігі мен ҚР Энергетика министрлігінің жүргізіп отырған жұмысы туралы баяндама тыңдалды.

Барлық салалар бойынша таныстырылған жаңа технологиялардың деректер қоры құрылып, ынтымақтастық туралы лайықты меморандумдар жасалып, жеке, сондай-ақ авторлар және инвесторлармен бірлескен жобалар қарастырылып отыр.

ҚР Энергетика министрлігі ұлттық компаниялардың сарапшыларын тартып, жұмыс тобын құрған болатын. Көрмеде ұсынылған 105 шетелдік және 28 отандық технология іріктеліп алынды.

Ұлттық компаниялар 25 технологияны, ал өңір әкімдіктері 85 технологияны таңдаған. Арнайы жол карталары әзірленіп, бекітілді. Мұнай және газ саласында 25 жоба, электр энергетикасында – 24, көмір – 5 және экология саласында 36 жобаны жүзеге асыру көзделген.

 


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017