Бейне
Фотогалерея
Аккредитациядан өткен БАҚ арналған медиаконтент
Жаңалықтар
EXPO картасы

Медиа-орталық / Жаңалықтар / 2017 / Қанат Бозымбаев: Қазақстанда «Экспо-2017» көрмесінің 55 жаңа технологиясы енгізіледі

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен үкімет отырысында ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде ұсынылған технологияларды енгізу мәселесі қарастырылды. Осы бағыттағы жұмысы бойынша энергетика министрі Қанат Бозымбаев пен білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев есеп берді.

Қанат Бозымбаевтың айтуынша, энергетика министрлігінің сарапшылардан құралған жұмыс тобы «Экспо» павильондарында ұсыныдған 105 шетелдік және 28 отандық технологияны іріктеп алған.

Іріктеу төрт бағыт бойынша жүргізілген:

мұнай мен газ — 27 технология,

көмір өнеркәсібі — 7 технология,

электр энергетикасы, энергияны үнемдеу және ЖЭК — 63 технология,

экология (қалдықтарды басқару, суды тазарту, ауа сапасын қадағалау) — 36 технология.

Тізім өңірдегі қолданысының экономикалық тиімділігі мен жергілікті жағдайға бейімделу мүмкіндіктерін анықтау үшін ұлттық, жеке компаниялар мен өңірлік әкімдіктерге жіберілді. Қызығушылық танытқан тұлғалар мен ұйымдарға ақпаратты жеткізу үшін технологиялар тізімі энергетика министрлігінің сайтында жарияланған болатын.

«Қазіргі уақытта әкімдіктер 40 технологияны іріктеп алып, оның төртеуі 2018 жылы енгізілмек. Ұлттық компаниялар 15 технологияны таңдап, оның екеуі 2018 жылы іске асырылады», — деп көрсетті Қанат Бозымбаев.

Энергияны үнемдеу, суды тазарту, «ақылды желілер» және кәсіпорындарда ЖЭК қолдану бойынша технологиялар таңдалған.

 

Мұнай мен газ саласында Ресей, АҚШ, Қытай мен Финляндияның 7 технологиясы анықталған. 2018 жылы Қостанай облысының әкімдігі газды тұтынуды азайтатын әрі жыл сайын 40 млн теңгені үнемдеуге мүмкіндік беретін неміс СГК–510 газ-сараптамалық кешенін енгізуді көздеп отыр.

«Электроэнергетикасы» бағытында 35 технология анықталса, олардың 26 –ын әкімдіктер таңдаған. 2018 жылы Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ұялы телефондарды тегін қуаттандыруға арналған дербес станциялар құрылысының қытайлық технологияны ензігуді көздеуде. Технология электр қуатын үнемдеп, қоршаған ортаға түсетін салмақты азайтпақ. Өңірлік әкімдік жабдықтарды жеткізу бойынша «Shenzhen» компаниясымен келісімге қол жеткізді.

«Экология» бағытында әкімдіктер тұрмыстық және өнеркәсіптік науаларды тазарту, ауа сапасын қадағалау мен қалдықтарды басқару жүйесі бойынша 10 технология таңдалған.

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің айтуынша, «Экспо-2017» халықаралық көрмесі қазақстандық ғылымдағы идеялардың пайда болуы, технологиялар трансферті және білім берудің дамуына түрткі салды.

«Көрмеге 55 университет пен ғылыми-зерттеу институты қатысты. Қатысушы елдермен 100 астам кездесу өткізіліп, келіссөздер жүргізілді. Ынтымақтастық жөнінде 9 меморандумға қол қойылды. Университеттер екіжақты ынтымақтастық жөнінде 20 астам келісімге қол жеткізді», — деп баяндады Ерлан Сағадиев.

Қазақстандық ҒЗИ және университеттердің ғалымдарының шетелдік әріптестер, университеттер және компаниялармен байланысы нығая түсті. Қазіргі уақыттта отандық ғылым EXPO 2017 идеялары мен техникалық жобаларын дамытуға бағытталған 25 ғылыми-зерттеу жобасы мен бағдарламасын іске асыру жоспарланып отыр.

«12 ірі ғылыми жоба мен бағдарлама және 89 гранттық жобадағы ғылыми-техникалық бағдарламаларды жүзеге асырудағы негізгі тақырыптың қайнар көзі EXPO 2017 идеялары», - деді Ерлан Сағадиев.

Мәліметтерді тыңдап болғаннан кейін Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев облыс әкімдіктеріне жаңа технологияларды енгізу бойынша жобаларды іс жүзінде жүзеге асыру кезеңіне көшуге тапсырма берді.

 


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017