Cипаттамасы
Аккредитация
Аңдатпа
Бейне
Фотогалерея
Аккредитациядан өткен БАҚ арналған медиаконтент
Жаңалықтар
EXPO картасы

Медиа-орталық / Аңдатпа / Жаңа жылды EXPO 2017 бірге қарсы алайық

Жаңажылдық түнде ЭКСПО көрме кешенінің аумағында Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына ғаламат жаңажылдық бағдарлама ұсынылады.

31 желтоқсанда сағат 21:00 мен 03:00 аралығында еліміздің басты шыршасының жанында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен Жаңажылдық шоу-бағдарлама өтеді. Мұз қалашығы мен айдын маңында да қызықты шоу ұйымдастырылып, келушілер тамаша көңіл-күй мен ерекше әсерге бөленуі хақ. Түн жарымда қонақтар назарына ғажайып отшашу ұсынылады.

Сонымен бірге 2018 жылдың 29 желтоқсан мен 2 қаңтар аралығында ЭКСПО мұз айдынында әртүрлі байқаулар мен жүлделер, аниматорлар және ұзын бойлы қуыршақтардың қатысуымен мерекелік бағдарлама өтеді (29.12. – 12:00-17:00, 18:00-23:00; 30.12. – 14:30-18:00, 19:30-23:00; 31.12. – 14:30-18:00; 01.01.2018ж. – 12:00-17:00, 18:00-23:00, 02.01. – 14:30-18:00, 19:30-23:00). Дәл осы бағдарлама қаңтар айының әр демалысында сағат 14:30-18:00, 19:30-23:00 аралығында өтетін болады.

 

Қоғаммен байланыс департаменті

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК»АҚ


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017