Cипаттамасы
Болашақ энергиясы
Президент
Қазақстан
Астана

«Нұр Әлем» павильоны / Cипаттамасы

Астана ЭКСПО-2017 Көрмесінің архитектуралық символы саналатын Көрме кешенінің орталық элементі – «Нұр Әлем». Бұл әлемдегі ең үлкен сфералық ғимараттың диаметрі 80 метр, ал биіктігі 100 метр. Ғимараттың 1 қабатында Қазақстан павильоны орналасқан. Мұнда келушілер елдің тарихы, мәдениеті, дәстүрі, көрікті жерлері, сондай-ақ Қазақстанның соңғы жетістіктерімен таныса алады. Сфераның ішінде Болашақ музейі орналасқан. Бұл жай ғана музей емес, Нұр Әлем Көрмеден кейін инновациялық хаб және маңызды зерттеу әрі мәдени орталыққа айналуы тиіс. Болашақ музейінің 2-8 қабаттарындағы цифрлық, мультимедиалық және интерактивті технологиялар экспозициялық кеңістікті қабылдау мүмкіндіктерін кеңейтетін жағдай жасайды. Мұнда энергияның негізгі түрлері ұсынылған: ғарыш, күн, биомасса, жел, су және кинетика. Лифт арқылы ғимараттың жоғарғы бөлігіндегі шолу алаңына көтеріліп, бұл жерден бүкіл ЭКСПО ауданына тамаша көрініс ашылады. Ал кіреберістің алдында Көрменің Басты алаңы орналасқан.


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

 

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017