-
Cипаттамасы
Болашақ энергиясы
Президент
Қазақстан
Астана

«Нұр Әлем» павильоны / Қазақстан / Тарих

Ежелгі кездер

Кейбір деректер бойынша қазіргі заманғы адамдың ата-бабалары миллион жыл бұрын қазіргі Қазақстанның жерін игере бастаған. Сонымен қатар, осы аумақтағы тайпалардың болуының дәлелі ретінде Тамғалы петроглифтері XIV ғ. бастап б.з.д. VI-VIII ғғ. көрсеткен.  2004 жылы Тамғалы археологиялық ландшафтының петроглифтері ЮНЕСКО Бүкіләлемдік мұра тізіміне қосылған.

Қола дәуірі кезеңінде, төрт мыңжылдық бұрын Қазақстан аумағында егін және мал шаруашылығымен айналысқан, әскери арбаны жақсы меңгерген, тамаша жауынгерлері болған тайпалар мекендеген. Сол кездері қазіргі күнге дейін қолданылып жүрген, мыс кен орындары әзірлене бастаған, олар – Жезқазған және Саяқ мыс орындары.

Орта ғасырлар

Б.з.д VI -III ғ.ғ.. Жетісуда, қазіргі Оңтүстік Шығыс Қазақстан аумағында алғашқы «сақтар» мемелекеті пайда болды (гректер оларды «скифтер» деп атаған).

Сақтардың патшалары жоғарғы абыздар рөлін қоса атқарған. Сақтар ғылыми әдебиетте «жануар стиліндегі өнер» атауын алған әлемдік деңгейдегі өз жазбасы, мифология мен белгілі өнерге ие болған. Сол кездері алтыннан және қоладан жасалған жауһарлар қазіргі күнге дейін әлем музейлерінің экспозицияларын безендіруде. Оның ішіндегі ең әйігілісі «Алтын адам».

VI ғ. екінші жартысында жазбаша дереккөздерде «түркі» термині пайда болды. Қазақстанның аумағында VI ғ. бастапXIII ғ. басына дейін дәйіктілікпен бір-бірін алмастыра отырып Батыс Түркі, Тургеш, Қарлұқ қағанаттары, оғыздар, қараханидтер, кимектер, қыпшақтар өмір сүрген.

Қазақстан аумағы арқылы Ұлы Жібек жолы – Қытайдан Таяу Шығыс және Еуропа елдеріне апаратын керуен жолдары жүйесі өткен. Ұлы Жібек жолы арқылы сауда заттары ғана емес, сондай-ақ Шығыс пен Батыстың мәдени дәстүрлері, діни нанымдары, әртүрлі өнер түрлері: сурет, сәулет өнері және музыка таралған. XV ғ. ортасында - қазақ мемлекеттілігінің құрылуының бірінші кезеңіне айналған Қазақ хандығы құрылған.

Қазақстанның жаңа және қазіргі заманғы тарихы

Алғашқы хандар кезіндегі иеліктердің кеңеюінің, мемлекеттіліктің бекітілуінің, белсенді сыртқы саясаттың белгісі болған қазақ хандығының өркендеуі өзара күрестердің күшеюімен алмасты. XVIII ғ. басында қазақ жерлеріне жоңғарлардың шабуылдары жиілей түсті. Күрделі экономикалық және саяси жағдайда шамамен 150 жылға созылған Ресей құрамына кіру туралы мәселе туындады.

1917 жылғы төңкерістен кейін Қазақстанда Кеңес үкіметі орнады.

1991 жыл

Қазақ ССР Қазақстан Республикасына ауыстырылды, республиканың мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды.

Семей ядролық полигоны жабылды.

1992 жыл

Қазақстан БҰҰ , ЕҚЫҰ және ЭЫҰ-ға қосылды.

Қазақстан ядросыз держава ретінде Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылды.

1993 жыл

Қазақстан Республикасының алғашқы Конституциясы қабылданды.

Ұлттық валюта – теңге енгізілді.

1997 жыл

«Қазақстан - 2030 Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» стратегиясы қабылданды.

2000 жыл

Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры құрылды.

2006 жыл

Ірі мемлекеттік корпорациялардің активтерін басқару тиімділігін арттыру мақсатында «Самұрық» мемлекеттік холдингі құрылды.

Қазақстан экономикасының шикізат емес секторында инвестицияларды және инновациялық қызметті арттыру үшін «Қазына» тұрақты даму құрылды.

2007 жыл

Шикізат секторының (соның ішінде мұнайды іске асырудан) табыстарын Ұлттық қорға бағыттау туралы шешім қабылданды, тиісінше, мемлекеттік бюджет «мұнай ақшасынсыз» қалыптасады.

2008 жыл

Елдің экономикасын және қаржы жүйесін тұрақтандыру бойынша жоспар қабылданды.

Тұрақтандыру жоспарын іске асырудың негізгі операторы қайта құрылған «Самұрық-Қазына» қоры болды

2010 жыл

Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама құрылды.

Ресей және Беларусьпен Кедендік Одақ құрылды.

Қазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалық етуі.

2011 жыл

Кедендік Одақ шеңберінде Ресей, Белорусь және Қазақстан шекараларында кедендік бақылау жойылды.

2012 жыл

Астана қ. «ЭКСПО - 2017» көрмесін өткізу орны болып жарияланды,  көрме тақырыбы «Болашақ энергиясы».

Бірыңғай экономикалық кеңістік құрылды (Ресей, Белоруссия және Қазақстан).

2014 жыл

Еуразиялық экономикалық одақ құру (Қазақстан, Ресей және Белоруссия), сондай-ақ оған Армения Республикасының және Қырғыз Республикасының қосылуы туралы шартқа қол қойылды, ол 2015 жылғы 1 қаңтарда күшіне енді.

2015 жыл

Еуразиялық экономикалық одақ күшіне енді (Қазақстан, Ресей, Белоруссия, Армения және Қырғызстан).


БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017