Бейне
Фотогалерея
Аккредитациядан өткен БАҚ арналған медиаконтент
Жаңалықтар
EXPO картасы

Медиа-орталық / Жаңалықтар / 2017 / Астанада ең үлкен мұз айдыны қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті орнына айналды

Мұз айдыны ЭКСПО аумағына арнайы жобаланған. Оның пішіні туристік аймақтың бас нысаны «Нұр Әлем» сферасына бағытталған жебеге ұқсас. Қақ ортасында жарық бояуларының көмегімен ЭКСПО логотипі бейнеленген. Сондай-ақ, мұзайдынында кешкі уақытта жарқырайтын жарық-жолдары төселген. Жалпы аумағы 4 000 шаршы метрді құрайтын мұз айдыны 700-ге дейін адам қабылдай алады.

Арнайы тоңазытқыш жабдығының көмегімен мұз айдыны +10 градус және одан төмен температурада да жұмыс істей алады. Мұз айдынының сапасы жоғары болуы үшін мұз құятын машиналар қолданылады.

Әртүрлі өлшемдегі 1000 жұп коньки барлық келушілерге жалға беріледі. Мұз айдынында конькимен сырғанауды жаңа бастаған келушілерге жаттығу құрылғылары ұсынылады. Мұз үстінде тәртіп пен қауіпсіздікке жауапты мамандар мен нұсқаушылар бар. Келушілер үшін жеке заттарды сақтау орындары, киіну бөлмелері, сондай-ақ ыстық тамақ беру орындары қарастырылған.

Қызықты бағдарламаның арқасында мұз айдыны қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті орнына айналды. Мұз айдынында ойын-сауықтық бағдарламамен қонақтардың көңіл-күйін кәсіби аниматорлар көтереді. Сондай-ақ, келушілерді спорттық шоу-бағдарламалар, тақырыптық викториналар мен флешмобтар күтуде. Бұл демалыс уақытын таза ауада белсенді өткізуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, Көрме аумағында Астанадағы ең үлкен мұз қалашығы орналасқан. Ересектерге биіктігі бес және ұзындығы 40 метрлік екі сырғанау төбешігі салынған. Тағы екі төбешік балаларға арналып, олардың биіктігі 2,5, ал ұзындығы 14 метр.

Қалашықтың тақырыбы – «ЭКСПО-2017: Болашақ энергиясы» көрмесі. Сондықтан осында 1851 жылғы Лондондағы алғашқы ЭКСПО көрмесіне орай салынған Хрусталь сарайы, 1889 жылғы Париждегі кіреберіс қақпасы – Эйфель мұнарасының көшірмелері, сонымен қатар хрусталь шытырманы мен өзге де нысандар орнатылған.

Бұдан бөлек, ЭКСПО-2017 аумағында 1000 орынға арналған жерасты автотұрағы бар. Жерасты көлік тұрағы тәулік бойы жұмыс істейді, оған кіру/шығу Т.Рысқұлов көшесі жағынан (оңтүстік кіру тобы) жүзеге асырылады.

Мұз айдыны жұмыс күндері сағат 12.00-ден 23.00-ге дейін (техникалық үзіліс: 17:00-ден 18:00-ге дейін), демалыс және мереке күндері сағат 10.00-ден 23.00-ге дейін (техникалық үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін, сағат 17:00-ден 18:30-ға дейін) жұмыс істейді.

Билеттерді ЭКСПО-2017 ресми сайтында (www.expo2017astana.com), сондай-ақ ЭКСПО аумағында орналасқан кассалардан сатып алуға болады.


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017