-
Cипаттамасы
Болашақ энергиясы
Президент
Қазақстан
Астана

«Нұр Әлем» павильоны / Қазақстан / Мемлекеттік құрылыс

Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет, басты құндылықтары адам мен оның өмірі, құқықтары, еркіндігі болып табылады.

Республика қызметінің негізгі өзекті қағидаттары: қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық, барша халықтың дәулеттілігіне бағытталған экономикалық даму, қазақстандық патриотизм, мемлекет өмірінің маңызды мәселелерінің барлығын демократиялық жолмен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу. Қазақстан Республикасы президенттік басқару енгізілген біртұтас мемлекет.

Республикада мемлекеттік өкімет біртұтас, Конституция мен заңгерлік, атқарушылық және сот тармақтарына бөлінетін заңдар негізінде жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Президенті мемлекет басшысы, оның жоғарғы лауазымды тұлғасы болып табылады, ол мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының бағытын анықтайды, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанға өкілдік етеді. Сонымен қатар Президент елдің қарулы күштерінің жоғарғы қолбасшысы болып табылады.

Қазақстан Республикасының Парламенті Республиканың заңнамалық қызметтер атқаратын жоғарғы өкілетті органы. Парламент тұрақты негізде қызмет атқаратын екі Палата: Сенат және Мәжілістен тұрады.

Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушылық өкіметін жүзеге асырады, атқарушы органдар жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды. Қазақстан Үкіметін Президент Конституцияда қарастырылған тәртіпте құрады.

Аумағы: 2,724.9 шаршы метр

Халық: 17 миллион 476 мыңадам

Астанасы: Астана қаласы

Тілдер: қазақ, орыс

 

 

 

 

 

 


БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017