Бейне
Фотогалерея
Аккредитациядан өткен БАҚ арналған медиаконтент
Жаңалықтар
EXPO картасы

Медиа-орталық / Жаңалықтар / 2017 / «Астана ЭКСПО» бренді онмыңдаған туристі тартуда

«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы «Visit Astana» ЖШС көрме кешенінің ЭКСПО-қалашығы айналасында, «Red Bus» екіқабатты экскурсиялық автобустарын жөнелту үшін ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Сондай-ақ, 10 туристік оператормен турпакеттер құрамында ЭКСПО нысандарына билеттерді өткізуде келісімшарт жасасты. 2017 жылғы қараша айынан бастап 50-ден астам туроператор «Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесі нысандарының ресми туроператоры» мәртебесіне ие болды.

«Қазіргі таңда көрме мұрасы қазақстандық туроператорлардың ерекше қызығушылығын оятуда, өйткені ЭКСПО-2017 еліміздің жаңа бренді болса, ал болашақ энергиясы символына айналған «Нұр Әлем» сферасы – Брюссельдің Атомиумы, Париждің Эйфел мұнарасы іспеттес. Бұл көрменің басты мұрасы еліміздің туристік нысандарының халықаралық стандартқа сай және де әлемдік туризм нысандарының сандықшасына енген», - деп Ұлттық компанияның коммерциалау департаментінің директоры Дәулет Еркімбаев атап өтті.

Қыс мезгілінде, ЭКСПО-2017 мұрасы нысандарының жұмысы қайта жанданған сәттен бастап көрмені 130 мыңнан астам турист тамашалады. Бүгінде балалар туризмі қарқынды серпін алуда, бұған республикамызда барлық жағдай қарастырылған. Осылайша, көптеген туроператорлар «Көшбасшы жолы» балалар турына көрме нысандарын қосты. Білімдік экскурсиялар туры көпке мәлім болуда. Осы турлар аясында 2017 жылғы 11 қарашадан бастап ЭКСПО-ны 6 мыңнан аса оқушы мен 2,5 мың студент келіп көрген.

«Туризм саласындағы кәсіпкерлер туристік жаңа маусымның алдында шетелдік серіктестерге ұсыныстар мен пакеттер құрастыруда. Әрине, ЭКСПО мұрасы туристер үшін маңызды нысан болып табылуда. Әлемде кез-келген ел ЭКСПО мұрасын көрсете алмайды, ал Қазақстан мұндай мүмкіндікке ие және туристік нарық оны барынша пайдаланбақ», - деп Қазақстандық туристік қауымдастығы директоры Рашида Шайкенова санайды.

Естеріңізге салсақ, 2017 жылғы 11 қарашада ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі нысандары өз жұмысын қайта бастаған. Келем деушілерге өз есіктерін көрме кешенінің туристік аймағының «Нұр Әлем» сферасы – «Болашақ энергиясы» мұражайы, Үздік тәжірибелер аймағы, Энергия холы мен Конгресс-орталығы ашты. Сондай-ақ, тәулік бойы 1000 автоорындық жерасты тұрағы жұмыс істеуде.

 


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017