Бейне
Фотогалерея
Аккредитациядан өткен БАҚ арналған медиаконтент
Жаңалықтар
EXPO картасы

Медиа-орталық / Жаңалықтар / 2017 / Ұлыстың ұлы күнін ЭКСПО-мен бірге қарсы алыңыздар!

Ұлыстың ұлы күнін ЭКСПО-мен бірге қарсы алыңыздар!

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Елордамыз Астанада Наурыз мейрамы тойланатын басты алаң – ЭКСПО көрме кешенінің аумағы екенін қуанышпен хабарлағымыз келеді.

Біз Астана қаласы әкімдігімен бірлесе отырып 21 наурыз сағат 13.00-де, ал 22 наурыз күні сағат 10.00-де басталатын ауқымды мәдени ойын-сауық бағдарламасын әзірледік. Көрме кешені аумағында киіз үйлер тігіліп, Этноауыл ашылады. Келген қауым ұлттық ойындар сайысына қатысып, дәстүрлі тағамдардан дәм татып, қазақ мәдениеті мұражайын, тазы мен төбеттер көрмесін тамашалай алады.

Ең бастысы – ЭКСПО туристік аймағы сіздер үшін қараңғы түскенше жұмыс істейтін болады. «Нұр Әлем» - «Болашақ энергиясы» мұражайы сағат 10.00-ден 21.00-ге, ЭКСПО мұз айдыны 10.00-ден 23.00-ге дейін жұмыс істемек. ЭКСПО нысандарына кіру билеттерін көрме аумағында орналасқан билет кассалары мен expo2017astana.com ресми сайтынан сатып ала аласыздар.

Еске сала кетейік, ЭКСПО аумағында 1000 автоорындық жерасты көлік тұрағы бар. Тұрақ тәулік бойы жұмыс істейді, оған кіру/шығу Т. Рысқұлов көшесі жағынан (оңтүстік кіру тобы) жүзеге асырылады. ЭКСПО автотұрағын алғашқы 3 сағатта тегін пайдалануға болады, ал кейінгі әр сағаты - 100 теңге.

Наурыз мейрамы қарсаңында қатарынан бес күн демалатындықтан, көктемнің жарқын мерекесін ЭКСПО аумағында бірге қарсы алуға шақырамыз! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!!!


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017