Бейне
Фотогалерея
Аккредитациядан өткен БАҚ арналған медиаконтент
Жаңалықтар
EXPO картасы

Медиа-орталық / Жаңалықтар / 2017 / «Астана ЭКСПО-2017» ҰК, Ақмола облысы әкімдігі және ҚР «Атамекен» ӨКП үшжақты ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

Көкшетау қаласында «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы Ақмола облысы әкімдігімен бірлесіп өңірдің оқу орын жетекшілерімен және туроператорлармен кездесу өткізді.

Іс-шара аясында Ұлттық компания, Ақмола облысы әкімдігі және ҚР «Атамекен» ӨКП арасында үшжақты ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Құжат оқушылар мен студенттер үшін Халықаралық мамандандырылған көрмесі мұрасының нысандарына мәдени-білім беру турларын ұйымдастыруды қамтиды.

Сондай-ақ, «Нұр Әлем» - «Болашақ энергиясы» мұражайының инновациялық алаңында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде физика, биология, георафия, тарих, туризм және басқа пәндер бойынша «Kids Future Energy» мен «Students Future Energy» ашық сабақтарын өткізу мүмкіндігі бар.

Аталған сабақтардың форматы оқу бағдарламаларының нақты ортада көзбен шолуды жобалайды.

Кездесу барысында Ұлттық компания мен өңір туроператорлары арасында «Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесі нысандарының ресми туроператоры» мәртебесін алу бойынша Меморандумға қол қойылып, туроператорлар мен оқу орындар арасында келісімшарт жасалды.

Қазіргі таңда көрме мұрасы қазақстандық туроператорлардың ерекше қызығушылығын оятуда, өйткені ЭКСПО-2017 еліміздің жаңа бренді болса, ал болашақ энергиясы символына айналған «Нұр Әлем» сферасы – Брюссельдің Атомиумы, Париждің Эйфел мұнарасы іспеттес. Бұл көрменің басты мұрасы еліміздің туристік нысандарының халықаралық стандартқа сай және де әлемдік туризм нысандарының сандықшасына енген.

ЭКСПО-2017 мұрасы нысандарының жұмысы қайта жанданған сәттен бастап, «Нұр Әлем» сферасына 13 мың оқушы және 2,7 студент келіп көрген. Бүгінде балалар туризмі қарқынды дамып келеді және ол үшін республикада барлық жағдай жасалған.

Естеріңізге салсақ, 2017 жылғы 11 қарашада ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі нысандары өз жұмысын қайта бастаған. Келем деушілерге өз есіктерін көрме кешенінің туристік аймағының «Нұр Әлем» сферасы – «Болашақ энергиясы» мұражайы, Үздік тәжірибелер аймағы, Энергия холы мен Конгресс-орталығы ашты. Сондай-ақ, тәулік бойы 1000 автоорындық жерасты тұрағы жұмыс істеуде.

 «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ
Қоғаммен байланыс департаменті


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017