Бейне
Фотогалерея
Аккредитациядан өткен БАҚ арналған медиаконтент
Жаңалықтар
EXPO картасы

Медиа-орталық / Жаңалықтар / 2018 / «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» жалпы қалалық сенбілікке шықты

«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» «Астана – таза және қауіпсіз қала» экологиялық науқаны аясында дәстүрлі сенбілікке қатысты.

Компания қызметкерлері Басқарма Төрағасы Ербол Шормановтың бастауымен ЭКСПО-2017 көрме кешенінің нысандары мен саябақ аймағы маңайындағы 2 гектарға жуық алаңды тазалап, 200 көшет ағаш отырғызды. Сондай-ақ, сенбілікке 7 бірлік арнайы техника жұмылдырылып, 3 текше метр қоқыс шығарылды.

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» қоршаған ортаны сақтау және қаланы көркейту жұмыстарына бағытталған сенбіліктер мен іс-шараларға әрдайым белсене қатысуда.

«Бүгін ұлттық компания ұжымы толық құраммен жалпы қалалық сенбілікке шықты. Көрме мұрасы нысандары елордамыз Астананың тұрғындары мен қонақтарының жиі демалатын орталығына, ал «Нұр Әлем» сферасы – жаңа дүниежүзілік болашақ энергиясы нышанына айналды. Қазіргі уақытта, біз ЭКСПО нысандарын қайта жөндеу және көрме аумағында келушілеріміздің жайлылығы үшін көркейту жұмыстарын атқарып жатырмыз», - деп Ұлттық компания басшысы Е. Шорманов атап өтті.

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ баспасөз қызметі


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017