Бейне
Фотогалерея
Аккредитациядан өткен БАҚ арналған медиаконтент
Жаңалықтар
EXPO картасы

Медиа-орталық / Жаңалықтар / 2018 / ЭКСПО-да саябақ аумағы қайта ашылады

ЭКСПО аумағында павильондарды қайта құру ғана емес, сонымен қатар көрме кешенінің саябақ аймағын абаттандыру және көгалдандыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

Бүгін «Астана ЭКСПО-2017» ҰК қызметкерлері «Біз таза астана үшін!» қалалық сенбілік аясында саябаққа 300 көшет отырғызды. Бұл шараға 30 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Осылайша ұлттық компания ЭКСПО аумағында елорда тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болу үшін барлық жағдайды жасауда, сондай-ақ Астананың жасанды жасыл белдеуін дамытуға айтарлықтай үлес қосады.

ЭКСПО саябағы Тәуелсіздік Монументі жағынан жалғастырылады. Жақын арада уақытша тұрғызылған ғимараттар орнына, атап айтқанда, Дю Солей циркі, Шелл павильоны орнына, желекжол және мүмкіндіктері шектеулі ерекше балаларға арналған бірегей ойын алаңы, отты шоу элементтері бар субұрқақ, сондай-ақ қоғамдық тамақтану бекеттері ашылады.

Бұдан өзге Астананың 20 жылдылдығын мерекелеуге және жаз-күз маусымында «Астана ЭКСПО-2017» ҰК-ы мәдени-ойын-сауыққа толы бағдарлама әзірлеуде.


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017