Бейне
Фотогалерея
Аккредитациядан өткен БАҚ арналған медиаконтент
Жаңалықтар
EXPO картасы

Медиа-орталық / Жаңалықтар / 2018 / «Нұр Әлем» павильоны Халықаралық деңгейдегі бренд: Войтех Филип

«Нұр Әлем» болашақ энергиясы музейінде Чехия Республикасы депутаттар палатасының төрағасы Войтех Филип бастаған парламентшілер делегациясы болды.

«Бұл менің алғашқы келуім емес, әр келген сайын керемет әсер алып қайтамын. «Нұр Әлем» павильоны Халықаралық деңгейдегі бренд. Мен павильонның көремеден кейін де қызмет жасап, одан да әсерлі болып жатқанына қуаныштымын»,- деп атап өтті   В. Филип мырза .

Шет ел қонақтарын павильон ішіндегі экспонаттармен, сондай ақ көрмеден кейін пайдалану тұжырымдамасымен таныстырды, Көрме - бұл АХҚО, «Astana Hub», жасыл технология орталығы, IT-университеті сияқты ауқымды жобаларды іске асыру алаңы.

Қазақстандағы Чехия елшісінің орынбасары Ладислав Штейнхубелдің айтуынша, мұндай ірі стартаптардың іске асырылуы біздің елдеріміз арасындағы жақын арадағы екі жақты қатым- қатынастарды дамыту үшін барынша қолайлы платформа.

Чехия парламентінің депутаттары ЭКСПО-2017 өткізу Қазақстанның жасыл технологияларды дамыту идеясын ұстанатынын және көрме таза энергетиканың жаһандық дамуына айтарлықтай үлес қосатындығын атап өтті.

Бұдан басқа, қонақтар «Ұлттық компаниясы» АҚ-ның «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрменің мұрасын дамыту саласындағы қызметін жоғары бағалады.

 


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017