-
Cипаттамасы
Болашақ энергиясы
Президент
Қазақстан
Астана

Ұйымдастырушы кеңсесі / Корпоративтік басқару / Директорлар кеңесінің қызметі

2015 жылғы 29 қаңтардағы отырыс

2015 жылғы 29 қаңтарда Қоғамның Директорлар кеңесімен, Қоғамның Жарғысына, Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына сәйкес, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-ң 2015 жылға Корпоративтік хатшысының Қызметінің негізгі көрсеткіштері, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-ң 2015-2023 жж. Кадрлық саясаты, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ демеушілік және/немесе қайырымдылық көмек көрсету ережесі, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Стейкхолдерлер картасы, Директорлар кеңесінің 2015 жылға Жұмыс жоспары, «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының штаттық саны, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-ң Ішкі аудит қызметінің 2015 жылға Жылдық аудиторлық жоспары бекітілген.

Директорлар кеңесімен Астана ЭКСПО-2017-ң 2014 жылғы 3 маусымдағы № 97-14 объектілерін жобалау мен авторлық қадағалауды басқару бойынша қызметтер көрсету, жобалық- сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша шартқа №2 Қосымша келісімді жасауды мақұлдау, «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының аппаратын орналастыру үшін Аудандар нормасын жаңа редакцияда бекіту, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Ішкі аудит қызметінің 2015 жылға негізгі қызмет көрсеткіштері мен жұмыскерлерінің мақсаттарын бекіту, 2014 жылғы 3 және 4 тоқсан қорытындылары бойынша «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Ішкі аудит қызметінің Басшысы мен бас менеджеріне сыйлықақы беру , «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Ішкі аудит қызметінің жұмыскерін тағайындау, Ішкі аудит қызметінің жұмыскеріне еңбекақы төлеу және сыйлықақы беру мөлшері мен шарттарын анықтау сұрақтары бойынша шешімдер қабылданған. Директорлар кеңесі 2014 жылғы 3 тоқсан үшін Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-ң тәуекелдер бойынша есебін, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Ішкі аудит қызметінің 2014 жыл үшін қызметі туралы есебін, Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру мен өткізу бойынша «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-ң қызметін қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін өтеусіз және қайтарымсыз төлемді жүзеге асыру бойынша «Астана ЭКСПО 2017» Корпоративтік қорымен Шарт жасасуды қарастырды.

«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Жұмыскерлеріне еңбекақы төлеу және сыйлықақы беру ережесіне өзгерістер және «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының жұмыскерлеріне Әлеуметтік қолдау көрсету ережесіне өзгерістер, Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының жұмыскерлеріне шығыстарды өтеу нормативтері жаңа редакцияда, «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының жаңа редакцияда Салықтық есеп саясаты бекітілген.

2014 жылғы 26 желтоқсандағы отырыс

2014 жылғы 26 желтоқсанда Қоғамның Директорлар кеңесімен, Қоғамның Жарғысына, Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына сәйкес, «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Дивидендтік саясаты, «Астана ЭКСПО - 2017» ҰК» АҚ-ң 2013 жылға жылдық есебі алдын ала мақұлданды, сондай-ақ 2014 жылға Корпоративтік хатшының Қызметінің негізгі көрсеткіштері, 2014 жылға «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ- да корпоративтік басқару жүйесін ендіру бойынша Шаралар жоспары, 2014 жылға «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-ң түзетілген жылдық бюджеті, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ- на ақпаратты/құжаттарды әзірлеу және ұсыну бойынша Есептік күнтізбе, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-ң ішкі бақылау жүйесі бойынша құжаттама, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-ң тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша құжаттама алдын ала мақұлданған.

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-ң Корпоративтік хатшысы, «ЭКСПО Логистика - 2017» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құру, «Астана ЭКСПО-2017 Ұлттық лотереясы» ЖШС Қадағалау кеңесін құру туралы Ережеге толықтырулар енгізу, 2014 жылғы 3,4 тоқсандар үшін «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Корпоративтік хатшысына сыйлықақы беру , «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Ішкі аудит қызметінің 2014 жылғы 2 тоқсан үшін Қызмет есебін қарастыру, 2014 жылғы 2 тоқсанның жұмыс қорытындылары бойынша «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Ішкі аудит қызметінің Басшысы мен жұмыскеріне сыйлықақы беру , 2014 жыл үшін «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-ң қаржылық есептілігі (шоғырландырылған және жеке) аудитін үшін аудиторлық ұйымның қызметтеріне ақы төлеу мөлшерін анықтау сұрақтары бойынша қарастырылған және шешімдер қабылданған.

Директорлар кеңесі 2014-2015 жылға «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-ң Тәуекел- тәбетін, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-ң 2014 жылға Тәуекелдер тізілімі мен Тәуекелдер карталарын, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-ң жаңа редакцияда «Астана ЭКСПО-2017 Құрылыс Дирекциясы» филиалы туралы Ережені, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Ішкі аудит қызметінің 2014 жылға қызметтің негізгі көрсеткіштері мен жұмыскерлерінің мақсаттарын, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-ң 2015 – 2019 жылдарға Даму жоспарын, түзетуші шараларды қабылдау бойынша «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-ң жоспарланған шаралар тізімін бекіткен.

2014 жылғы 6 наурыздағы №15 мемлекеттік тапсырманы орындау түрінде жүзеге асырылатын, Халықаралық көрме бюросымен өзара іс- қимыл бойынша Қызметтер көрсету шартына өзгерістер енгізу туралы №1 Қосымша келісімді жасасу, Директорлар кеңесінің 2013 жылғы «27» мамырдағы шешімімен бекітілген, № 3 хаттама, «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамымен және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына тиесілі ұйымдармен жүзеге асырылатын, Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-ң Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ, «Астана ЭКСПО 2017» Корпоративтік Қоры мен «НортКаспианОперейтинг Компани Н.В» арасындағы демеушілік туралы шартты жасасу, «Хатбер-Казахстан» ЖШС- мен лицензиялық шарт жасасу және лицензиялық шартқа қол қою бойынша өкілеттіктер ұсыну (мүдделілікпен мәміле), 2014 жылғы 24 ақпандағы №9 мемлекеттік тапсырысты орындау түрінде жүзеге асырылатын, ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау аясында іс- шараларды ұйымдастыру бойынша Қызметтер көрсетуге шартқа өзгерістер енгізу туралы №1 Қосымша келісімді жасасу сұрақтары бойынша шешімдер қабылданды.

 

2014 жылғы 29 шілдедегі отырыс

2014 жылғы 29 шілдеде Қоғамның Директорлар кеңесімен, Қоғамның Жарғысына, Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына сәйкес, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-ң есептік қаржылық 2013 жыл үшін жылдық қаржылық есептілігі алдын ала бекітілген және таза кірісін бөлу туралы сұрақ қарастырылған; «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ акцияларын төлеуге берілген, жер телімін бағалау бойынша бағалаушының қызметтеріне ақы төлеу мөлшері анықталған; 2014-2024 жылдарға «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-ң Даму стратегиясы мақұлданған.

Отырыста 2014 жылғы 2 тоқсан үшін «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-ң Корпоративтік хатшысына сыйлықақы беру туралы; 2014 жылғы 9 сәуірден №45-14 шартқа қосымша келісім жасасу; Астана ЭКСПО-2017 объектілерінің құрылысы бойынша жұмыстарды орындауға шарттар (Негізгі шарттар) жасасу туралы шешімдер қабылданды; Астана ЭКСПО-2017-ң 2014 жылғы 3 маусымдағы объектілерін жобалау мен авторлық қадағалауды басқару бойынша қызметтер көрсету, жобалық- сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша шартқа №1 Қосымша келісімді және 2013 жылғы 26 желтоқсандағы № 71 Астана ЭКСПО-2017 объектілерінің жобалық- сметалық құжаттамасын (жұмыстардың басы) әзірлеу бойынша шарт бойыншша талап ету құқықтарын беру туралы келісімді жасау мақұлданған.

Директорлар кеңесі «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-ң «Астана ЭКСПО-2017 Құрылыс Дирекциясы» Филиалы туралы Ережеге өзгерістерді; Болашақ энергиясын дамыту қоры туралы Ережеге өзгерістерді бекіткен, сондай-ақ «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-ң Жарғысына өзгерістер мақұлданған.

 

2014 жылғы 2 маусымдағы отырыс

2014 жылғы 2 маусымда Қоғамның Директорлар кеңесімен, Қоғамның Жарғысына, Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына сәйкес, Директорлар кеңесінің 2013 жылғы 27 мамырдағы шешімімен бекітілген, №3 хаттама, «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын, Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу ережесіне толықтырулар енгізілген. Отырыста «Астана ЭКСПО – 2017» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 2014-2016 жылдарға күрделі салымдары мен инвестициялары бойынша бюджетті бекітті және «Астана ЭКСПО – 2017» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының ЭКСПО-2017 объектілерін жобалау мен авторлық қадағалауды басқару бойынша қызметтер көрсету, жобалық- сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша шарт жасауын мақұлдады.

 

2014 жылғы 27 мамырдағы отырыс 

2014 жылғы 27 мамырда Қоғамның Директорлар кеңесімен, Қоғамның Жарғысына, Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына сәйкес, «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Іскерлік этика кодексін бекіту бойынша шешімдер қарастырылған және қабылданды; «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Жарғысына өзгерістер мақұлданды, «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің 2013 жыл үшін Қызметі туралы есебі, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» акционерлік қоғамының 2014 жылғы 1 тоқсан үшін Ішкі аудит қызметінің Қызметі туралы есебі мақұлданды.

Директорлар кеңесі 2014 жылғы 1 тоқсан үшін «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Ішкі аудит қызметінің Корпоративтік хатшысы мен Басшысына сыйлықақы беру туралы шешімді қабылдады; салықтарды және бюджетке басқа да міндетті төлемдерді ұстап қалуға дейін «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Ішкі аудит қызметінің Басқарма мүшелері мен басшысының лауазымдық айлық мөлшерлерін жаңа редакцияда бекіткен; «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына көліктік қызмет көрсету үшін қызметтік автомобильдердің тиістілігі нормативтерін жаңа редакцияда және «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» акционерлік қоғамының Ішкі аудит қызметі туралы ережесіне өзгерістер мен толықтыруларды бекітті.

Отырыста Басқарманың сандық құрамын, өкілеттіктер мерзімін анықтау, Басқарма мүшелерін сайлау және өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, лауазымдық айлық мөлшерлерін, «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Төрағасы мен Басқарма мүшелеріне еңбекақы төлеу және сыйлықақы беру шарттарын анықтау туралы және «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Ішкі аудит қызметінің жұмыскерін тағайындау, және Ішкі аудит қызметінің жұмыскеріне еңбекақы төлеу және сыйлықақы беру мөлшерін және шарттарын анықтау туралы мәселелер қарастырылған.

 

2014 жылғы 11 ақпандағы отырыс

2014 жылғы 11 ақпанда Қоғамның Директорлар кеңесімен, Қоғамның Жарғысына, Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына сәйкес, «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамында өкілдік шығыстарға бөлінетін, Қаражатты пайдалану ережесі; «Астана ЭКСПО-2017 Ұлттық лотереясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Жарғысы; «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 2014 жылға штаттық саны; «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің жаңадан сайланған мүшелерін лауазымға енгізу саясаты; «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамында корпоративтік қақтығыстар мен мүдделер қақтығысын реттеу бойынша ережені; бекітілуі «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» Директорлар кеңесінің «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ құзыретіне жататын, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ ішкі қызметін реттейтін Құжаттардың тізбесін жаңа редакцияда бекітті.

Директорлар кеңесі «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының филиалын құру туралы; Халықаралық көрме бюросымен өзара іс- қимыл бойынша қызметтер көрсетуше шарт жасасудың кейбір сұрақтары туралы; «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ –ң ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау аясында іс- шараларды ұйымдастыру бойынша Қызметтер көрсету шартын жасасуының кейбір сұрақтары туралы; «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ –ң «Астана ЭКСПО-2017» Корпоративтік қорының «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-ң қызметін қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін өтеусіз және қайтарымсыз төлемді жүзеге асыруына Шарт жасауының кейбір мәселелері туралы шешім қабылдады.

 

2014 жылғы 22 қаңтардағы отырыс

2014 жылғы 22 қаңтарда Қоғамның Директорлар кеңесімен, Қоғамның Жарғысына, Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына сәйкес, 2013 жылдың жұмыс қорытындылары бойынша «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-ң Корпоративтік хатшысына сыйлықақы беру туралы мәселе қарастырылды.

«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының жұмыскерлеріне жаңа редакциядағы Әлеуметтік қолдау көрсету ережесі; «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Жұмыскерлеріне жаңа редакциядағы еңбекақы төлеу және сыйлықақы беру ережесі; «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының іс- сапарда жүрген, жұмыскерлеріне шығыстарды өтеу нормативтері; «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының аппаратын орналастыру аудан нормалары; «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына көліктік қызмет көрсету үшін қызметтік автомобильдердің тиістілігі нормативтері қарастырылды және бекітілді.

 

2013 жылғы 30 желтоқсандағы отырыс.

2013 жылғы 30 желтоқсандаҚоғамның Директорлар кеңесімен, Қоғамның Жарғысына, Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына сәйкес, мына сұрақтар қарастырылған: «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 2014 жылға Жылдық бюджетін бекіту туралы, Қазақстан Республикасының күзетілетін тұлғаларының қатысуымен, ЭКСПО-2017 көрме кешенінің, оның ішінде Қазақстан Республикасы, Астана қаласында ЭКСПО-2017 символы болатын объектінің үздік эскиз-идеясына халықаралық тапсырысты сәулет конкурсын ұйымдастыру және өткізу бойынша қызметтер көрсетуге 2013 жылғы 27 сәуірдегі №16 Шартқа №2 Қосымша келісім жасаудың кейбір сұрақтары туралы».

 

2013 жылғы 11 желтоқсандағы отырыс.

2013 жылғы 11 желтоқсанда Қоғамның Директорлар кеңесімен, Қоғамның Жарғысына, Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына сәйкес, «Астана ЭКСПО-2017» қамқоршылық кеңесінің құрамын өзгерту туралы, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-ң ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрме объектілерінің жобалық (жобалық- сметалық) құжаттамасын дайындау туралы Шартын жасауы туралы мәселелер қарастырылған.

Директорлар кеңесі Директорлар кеңесінің 2013 жылғы «27» мамырдағы шешімімен, №3 хаттама, бекітілген, «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамымен және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына тиесілі ұйымдармен жүзеге асырылатын, Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу ережесіне толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдады.

Директорлар кеңесі бекітті: «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының жылдық бюджетін әзірлеу, бекіту, орындау және орындалуын мониторингтеу ережесін, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Ішкі аудит қызметінің 2014 жылға Жылдық аудиторлық жоспарын, «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 2013 жылға түзетілген Операциялық бюджетін, «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Салықтық есеп саясатын, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің, Директорлар кеңесі мүшелерінің қызметін бағалау ережесін.

 

2013 жылғы 4 желтоқсандағы отырыс.

 2013 жылғы 4 желтоқсанда Қоғамның Директорлар кеңесімен, Қоғамның Жарғысына, Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына сәйкес, тыңдалды және мәліметке қабылданды: «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ-ң 10 ай ішіндегі қызметі туралы ақпараты, ЭКСПО-2017 көрме кешенінің, оның ішінде Қазақстан Республикасы, Астана қаласында ЭКСПО-2017 символы болатын объектінің үздік эскиз-идеясына халықаралық тапсырысты сәулет конкурсын қорытындылау туралы ақпарат, Астана қ. ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін мойындау үшін Тіркеу құжаттамасын дайындау туралы ақпарат, 2013-2018 жылдарға ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыру мен өткізудің Ұлттық жоспарының орындалуы туралы есеп.

Директорлар кеңесі жарияланған акциялары саны шеңберінде «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-ң акцияларын орналастыру, оның ішінде орналасатын акцияларының саны туралы, оларды орналастыру тәсілі мен бағасы туралы, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқармасының құрамын өзгерту туралы шешім қабылдады, 2013 жыл үшін «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ-ң жылдық қаржылық есептілігіне аудит жүргізу бойынша аудиторлық ұйымның қызметтеріне ақы төлеу мөлшерін анықтады, Қоғам қызметінің кейбір сұрақтары туралы шешім қабылдады.

Директорлар кеңесі «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Корпоративтік есеп саясатын, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ туралы немесе қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге құпияны құрайтын оның қызметі туралы ақпарат Тізбесін, 2013-2014 жылдарға Директорлар кеңесінің Жұмыс жоспарын бекітті.

 

2013 жылғы 29 тамыздағы отырыс.

2013 жылғы 29 тамызда Қоғамның Директорлар кеңесімен, Қоғамның Жарғысына, Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына сәйкес, бекітілген: «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Ақпаратын ашу туралы ереже (Ақпараттық саясат), Түзетуші шараларды қабылдау бойынша Қоғамның жоспарланған іс- шаралар тізбесі, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Ішкі аудит қызметі туралы ережесі, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Ішкі аудит қызметінің жұмысы бойынша басшылықтар.

Директорлар кеңесі ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі Тіркеу құжаттамасының бірінші кезеңін қалыптастыру және іске асыру бойынша қызметтер көрсетуге 2013 жылғы 11 маусымдағы №18 Шартына №1 Қосымша келісім жасауды мақұлдау туралы, «Астана ЭКСПО-2017 Ұлттық лотереясы» ЖШС құру туралы, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Ішкі аудит қызметінің басшысын тағайындау туралы, Ішкі аудит қызметінің басшысына еңбекақы төлеу және сыйлықақы беру мөлшері мен шарттарын анықтау туралы, ЭКСПО-2017 көрме кешенінің, оның ішінде Қазақстан Республикасы, Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 символы болатын объектінің үздік эскиз-идеясына халықаралық тапсырысты сәулет конкурсқа қатысуға Келісім- шарт жасаудың кейбір мәселелері туралы шешім қабылдады.

 

2013 жылғы 5 шілдедегі отырыс.

2013 жылғы 5 шілдедегі Қоғамның Директорлар кеңесімен, Қоғамның Жарғысына, Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына сәйкес, «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Корпоративтік басқару кодексінің жобасы мақұлданды және Жалғыз акционердің қарауына шығарылды.

Директорлар кеңесі «Астана ЭКСПО-2017» корпоративтік қорын құру туралы шешім қабылдады, қордың жарғысы бекітілді, үш адамнан тұратын қамқоршылық кеңес қалыптастырылды.

Директорлар кеңесі Болашақ энергиясын дамыту қоры туралы ережесі және Болашақ энергиясын дамыту қорының Регламентін қарастырып, бекітті.

Директорлар кеңесі «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-ң жарияланған акцияларының саны шеңберінде акцияларды орналастыру туралы, оның ішінде орналасатын акциялардың саны, орналастыру тәсілі мен олардың бағасы туралы; Қоғамның міндеттемелерін оның жеке капиталының мөлшерінен он және одан артық пайызды құрайтын мөлшерге арттыру туралы; Қоғамның Директорлар кеңесінің 2013 жылғы 4 маусымдағы шешімінің, №4 хаттама, Күн тәртібінің үшінші сұрағы 3 тармағына өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдады.

 

2013 жылғы 4 маусымдағы отырыс.

2013 жылғы 4 маусымда Қоғамның Директорлар кеңесімен, Қоғамның Жарғысына, Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына сәйкес, «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 2013 жылға Операциялық бюджеті бекітілді.

Директорлар кеңесі ЭКСПО-2017 көрме кешенінің, оның ішінде Қазақстан Республикасы, Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 символы болатын объектінің үздік эскиз-идеясына халықаралық тапсырысты сәулет конкурсына қатысуға Келісім- шарттар жасасу арқылы, Қоғамның міндеттемелерін оның жеке капиталының мөлшерінен он және одан артық пайызды құрайтын мөлшерге арттыру туралы; «J&G ConsultoriadeFerias S.L.» компаниясымен (Ұлттық Кеңесші Кеңсесі) «ЭКСПО-2017, Астана» халықаралық мамандандырылған көрмесінің Тіркеу құжаттамасын қалыптастыру және бірінші кезеңін іске асыру бойынша қызметтер көрсетуге шарт жасасу арқылы Қоғамның міндеттемелерін ұлғайту туралы шешім қабылдады, сұрақтар Жалғыз акционердің қарауына ұсынылған.

Директорлар кеңесі «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-ң штаттық санын бекітті.

 

2013 жылғы 27 мамырдағы отырыс

2013 жылғы 27 мамырда Қоғамның Директорлар кеңесімен, Қоғамның Жарғысына, Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына сәйкес Қоғамның Директорлар кеңесінің Төрағасы сайланды, бұл мәселені кейіннен Жалғыз акционердің қарауына шығарумен «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Директорлар кеңесі туралы ереже мақұлданды.

Отырыста «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Корпоративтік хатшысы тағайындалды, Корпоративтік хатшының өкілеттіктер мерзімі, лауазымдық айлығы мен сыйлық беру шарттары анықталды.

Директорлар кеңесі «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Корпоративтік хатшысы туралы ережені; «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына тиесілі ұйымдармен Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу ережесін; «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Жұмыскерлеріне еңбекақы төлеу және сыйлықақы беру ережесін; «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ жұмыскерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету ережесін; бекітілуі «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» Директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне жататын, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ ішкі қызметін реттейтін Құжаттардың тізбесін бекітті.

 

2013 жылғы 17 сәуірдегі отырыс

2013 жылғы 17 сәуірде Қоғамның Директорлар кеңесінің отырысы болып өтті, онда күн тәртібі сұрақтары бойынша келесі шешімдер қабылданды:

  1. «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-ң Қазақстан Республикасының күзетілетін тұлғаларының қатысуымен, ЭКСПО-2017 көрме кешенінің, оның ішінде Қазақстан Республикасы, Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 символы болатын объектінің үздік эскиз-идеясына халықаралық тапсырысты сәулет конкурсын ұйымдастыру және өткізу бойынша қызметтер көрсетуге Шарт жасауының кейбір сұрақтары туралы.

  2. «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының салықтарды және бюджетке басқа да міндетті төлемдерді шегеруге дейін Басқарма мүшелері мен Ішкі аудит қызметі басшысының лауазымдық айлықтары бекітілген.

 

2013 жылғы 11 сәуірдегі отырыс

 2013 жылғы 11 сәуірде Қоғамның Директорлар кеңесінің отырысы болып өтті, онда күн тәртібі сұрақтары бойынша келесі шешімдер қабылданды:

1. Басқарманың сандық құрамы, өкілеттіктер мерзімі анықталды, «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Басқарма мүшелері сайланды.

2. «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Басқармасы туралы ереже бекітілді.

3. «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Ішкі аудит қызметінің басшысы лауазымына үміткерді іріктеу бойынша қажетті рәсімдерді жүргізу.

4. «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-ң Корпоративтік хатшысы тағайындалды және оның өкілеттіктер мерзімі анықталды.


БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017