Бейне
Фотогалерея
Аккредитациядан өткен БАҚ арналған медиаконтент
Жаңалықтар
EXPO картасы

Медиа-орталық / Жаңалықтар / 2018 / ЭКСПО – Елордамыздың басты оқиғаларының алаңы

Осы сенбі, тамыздың 4-күні сағат 20:00-де ЭКСПО көрме кешенінің жазғы сахнасында SMASH сахналық лақап атымен танылған ресейлік әйгілі диджей және музыкалық продюсер – Андрей Ширман өнер көрсетеді. DJ сетті қазақстандық диджеинг жұлдыздары – Нұрберген Махамбетов пен DJ Timoffey қолдайтын болады.

Тамыздың 5-күні ЭКСПО жексенбілік кешті Қазақстанның танымал әртістері Айқын және Renzo тобымен өткізуге шақырады.

Тамыздың 11-күні халықтың сүйікті әншісі Ерке Есмахан және Қазақстандағы классикалық музыка мен поп, рок, электроәуеннің кроссовер–синтез бағытын кәсіби орындай білген Mezzo тобының концерті өтеді.

ЭКСПО жазғы сахнасындағы концерттік бағдарламалар сағат 20:00-де басталады. Келушілер үшін кіру тегін. Концерт басталмас бұрын «Нұр Әлем» сферасында әртістер фото және автограф-сессия өткізеді.

Концерттерден бөлек ЭКСПО жазғы сахнасы жасөспірімдерге де арнап керемет сыйлық әзірледі. Оларды тамыздың 5 мен 12-де сағат 19:00-де «Арманның оқиғасы» атты ертегі қойылымы күтеді.

Сонымен қатар, тамыздың 7-нен қыркүйектің 26-на дейін «Нұр Әлем» сферасында балалар мен ата-аналарға «Роботтар балы» интерактивті көрмесін тамашалау мүмкіндігі туып тұр. Робошоу – Америка, Еуропа, Оңтүстік Корея және Жапония робототехникасының соңғы жетістіктерін және заманауи роботтар слетін ұсынады. Қойылымның басты хедлайнері ағылшындық робот – гуманоид Теспиан. Робот сөйлейді, ымдарды көшіреді, ән айтады, би билейді, күледі, жылайды, тіпті Шекспирдің шығармаларын да оқып бере алады. Соның арқасында заманауи театр қойылымдарында бірнеше рет ойнаған. Шоуды тамашалау үшін «Нұр Әлем» сферасына билет алуыңыз қажет.

Айта кету керек, көрермендер тамыздың 15-күні сағат 20:00-де ЭКСПО Конгресс-орталығында өтетін ресейлік танымал әнші Дима Биланның концертіне билет сатып алып, «Нұр Әлем» сферасына ашық датамен тегін билет ала алады. Әртіс ғаламат қойылымы барысында халыққа танымал әндерімен қатар соңғы ән жинағына енген туындыларын да орындайды. Шілде айында жоспарланған концертке сатып алынған билеттер – жарамды.

ЭКСПО көрме кешенінде қала тұрғындары мен қонақтары «Нұр Әлем» сферасын тамашалап қана қоймай, саябақ аумағында серуендеп, жазғы сахна мен Конгресс-орталықта өтетін отандық және шетелдік әртістерінің қатысуымен концерттерден ләззат алып, сондай-ақ, дәмхана, мейрамхана, фудкорттарда қолжетімді бағаға тамақтана отырып ғажап отты шашу субұрқақ шоуын қызықтай алады.

Келушілердің жайлылығы үшін ЭКСПО аумағында жерасты тұрағы жұмыс істейді. Оған Тұрар Рысқұлов көшесі жағынан кіруге болады.


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017