Баспасөз орталығы / Жаңалықтар

Астанада махаббат роботы және механикалық көше музыканттары шоу ұйымдастырды
2018-09-07

«Нұр Әлем» сферасында «Роботтар балы» шоуы ашылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Көрме заманауи роботтар слеті мен АҚШ, Еуропа, Оңтүстік Корея және Жапонияныңробототехника саласындағы соңғы жетістіктерін ұсынады.

«Біз әртүрлі елдің ең жарқын және ерекше роботтарын іріктеп алдық. ЭКСПО-орталығының барлық келушілері олармен жақынырақ танысып қана қоймай, ойнап және ұстай алады. Қазір 20 робот ұсынылған, бірақ екі ай ішінде топтама толығып, түрлі интерактивті ойындар мен қойылымдар өткізілетін болады», - деді «Роботтар балы» шоуының өкілі Субхон Зиябаев.

Қойылымның басты хедлайнері ағылшындық робот–гуманоид Теспиан.Ол сөйлесіп қана қоймай, ымдарды көшіріп, ән айтып, би билеп, күліп, жылап, тіпті Шекспирдің шығармаларын оқып, соның арқасында бірнеше рет заманауи театр қойылымдарында ойнаған.Сондықтан болар роботты ежелгі грек актерінің құрметіне Теспиан деп атаған.

Тағы бір ерекше жәдігер ол – «РобоАХАЖ». Осы роботтың арқасында кез келген жұп өз үйлесімділігін тексеріп, сондай-ақ, фотоларымен неке туралы куәлік пен сақина да алады.

Оңтүстіккореялық «Робобилдер» робот–бишілері әсерлі би көрсетті.Бұл мөлдір жабынды бөлшектерінің арқасында ішкі құрылғысын көруге болатын бірегей RQ HUNO конструкторы.Шағын гуманоидтарды футбол ойнауға, спорттық жарыстарға қатысуға немесе белгілі бір пәрменді орындауға қайта бағдарламалауға болады.

Тағы бір музыкалық роботтарды белгілі суретші, Санкт-Петербургтік механик-аниматор Александр Гец ұсынды.Оның механикалық музыканттары қоқыстан жиналған, сондай-ақ, кез келген композицияны орындауға қабілетті.

 

Көрмені ұйымдастырушылардың айтуынша, «Роботтар балының» негізгі міндеті – инженерлік идея мен сананы жаңарту.

«Жастар заманауи технологиялармен, атап айтқанда робототехникамен айналысуы қажет. Себебі,жақын болашақта роботтар күнделікті адам өмірінайтарлықтай жеңілдетуіәбден мүмкін», - деп атап өтті Зиябаев.

Көрме 26 қыркүйекке дейін өтеді.

 

ЭКСПО 2017 әлеуметтік желіде
Тіркел! Оқы!
ЭКСПО мұрасы
Astana EXPO 2017 - Happy
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2018 © ASTANA EXPO 2017