Баспасөз орталығы / Жаңалықтар

ЭКСПО- Халықаралық деңгейдегі іс-шаралар өткізетін басты алаң
2018-09-04

ЭКСПО аумағында Global Challenges Summit - ХI Астаналық экономикалық форум ашылды.Экономикалық өсу және ресурстық тұрақтылық, цифрландыру және урбанизация, ұзақ өмір сүру және қаржылық революция, жаһандық қауіпсіздік және мәдени өзгеріс - осы жаһандық үрдістер АЭФ бағдарламасының негізін құрды.

Саммитке әртүрлі елдерден 500-ге жуық адам келген. Олардың ішінде БҰҰ-ның бұрынғы бас хатшысы Пан Ги Мун, Apple-дің негізін қалаушы Стив Возняк, Францияның экс-президенті Франсуа Олланд, кинорежиссер Кшиштоф Занусси, Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкінің директоры Цзинь Лицюнь бар. Сондай ақ Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевта қатысты.

Форумды ашқан Мемлекет басшысы қатысушыларға   елдегі «жасыл» экономиканың жүйелі дамуына негіз болатын Қазақстанда өткізілген «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрме туралы айтып берді.

Қазақстан бұл үдерістен шет қалмайды. Жалпы алғанда, 2030 жылға қарай біздің энергобалансымызда баламалы энергияның үлесі 30 пайызға дейін жеткізіледі », - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Астана экономикалық форумы аясында Қазақстан Президенті шараға қатысушыларды «Астана» Халықаралық қаржы орталығының ресми тұсаукесеріне қатысуға шақырды.

«Ол ЭКСПО-2017-базасында құрылған. Мен осы мүмкіндікті пайдаланып, ағымдағы жылдың 5-шілде күні өтетін осы орталықтың ресми тұсаукесеріне шақырамын », - деді Мемлекет басшысы.

Бұдан өзге, АЭФ-да Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев көрменің мұрасы базасында құрылған жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалардың халықаралық орталығын таныстырды.

«Біз Орталық Азиядағы алғашқы технологиялық орталық тұрақты инвестициялар үшін орнықты институционалдық негіз бола отырып, жаңа жасыл технологияларды, дамыған елдерден инновацияларды дамушы әлемге тиімді механизмге айналады деп үміттенеміз», - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, форум Конгресс-орталықтың ғимаратында өтуде, онда 17-19 мамыр аралығында пленарлық отырыстар мен сессиялар өтеді. Конгресс-орталық ірі іскерлік кездесулер ұйымдастыру үшін арнайы құрылған. Мұнда көрменің ашылу және жабылу салтанаты болған, ал қазіргі таңда ірі халықаралық іс-шаралар өткізу орыны болып отыр.

ЭКСПО-2017 в социальных сетях
Подписывайся! Читай! 
Наследие ЭКСПО
Послевыставочное использование
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2018 © ASTANA EXPO 2017