Баспасөз орталығы / Жаңалықтар

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары болып Бауыржан Бекешев тағайындалды
2018-05-03

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Ербол Шорманов өзінің жаңа орынбасары Бауыржан Бейсенбайұлы Бекешевті ұжымына таныстырды.

Бекешев Б.Б. 1961 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Еңбек Қызыл Ту орденді Қарағанды политехникалық институтын, сондай-ақ, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолы:

1983 жылы – Қарағанды ҚКТУ-15 өндірістік оқыту шебері.

1986 жылдан 1997 жылға дейін – «Қарағандыкөмір» көмір өндіру жөніндегі ӨБ Тау-кен шахталық жабдықтарды жөндеу зауыты комбайндарын жөндеу цехының инженер-конструкторы, цех бастығының орынбасары.

1999 жылы – «Гарант» ЖШС коммерциялық директоры.

1999 жылдан 2005 жылға дейін – «Қарағанды облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті» ММ жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы.

2005 жылдан 2008 жылға дейін – «Атамекен» Қазақстан кәсіпкерлері мен жұмыс берушілерінің жалпыұлттық одағының» заңгері.

2006 жылдан 2008 жылға дейін – «Қазақстандық ПЭТ-орама өндірушілер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры.

2008 жылдан 2009 жылға дейін – Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаменті Кәсіпкерлікті дамыту стратегиясы басқармасының бас сарапшысы.

2009 жылдан 2010 жылға дейін – Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаменті директорының орынбасары.

2010 жылдан 2013 жылға дейін – Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаменті директорының орынбасары, директоры.

2013 жылдан 2014 жылға дейін – Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаментінің директоры.

2014 жылдан 2017 жылғы қыркүйекке дейін – Еуразиялық экономикалық комиссияның Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаментінің директоры.

2017 жылғы қыркүйектен 2018 жылғы сәуірге дейін – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Казақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен, екінші дәрежелі «Атамекен» төсбелгісімен марапатталған.

ЭКСПО 2017 әлеуметтік желіде
Тіркел! Оқы!
ЭКСПО мұрасы
Astana EXPO 2017 - Happy
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2019 © ASTANA EXPO 2017