Баспасөз орталығы / Жаңалықтар

ЭКСПО көрме кешенінің аумағында Наурыз мейрамын тойлауға он мыңнан астам адам келді
2018-03-22

ЭКСПО туристік аумағындаНаурыз мейрамы алғаш рет тойланды. Ұлыстың ұлы күнін тойлау аясында «Нұр Әлем» - «Болашақ энергиясы» мұражайының іргесінде киіз үйлер тігіліп, шатырлар орнатылып, ұлттық дәстүріміз бен әдет-ғұрыптарды баяндайтын театрландырылған қойылымдар өткізіліп, спорттық ойындар ойнатылып, қазақ мәдениеті мұражайларында дәстүрлі қолөнер туындылары ұсынылған. Әйгілі шеберлер зергерлік, кесте тігу өнері, ағашты ою, темірді көркемдеп өңдеу, дәстүрлі тоқымашылық, қамшы өру және т.б. қолөнер бұйымдарын ұсынды.

Мерекелік іс-шараға шығармашылық ұжымдар, би топтары мен белгілі орындаушылар жұмылдырылған. Қонақтар ыстық бауырсақ пен наурыз көжеден дәм татуда.

Наурыз мейрамы ертең, 22 наурыз күні сағат 10.00-де жалғасын таппақ. ЭКСПО туристік аймағының нысандары болса, қараңғы түскенше жұмыс істейді. Мейрамға келген қонақтар «Нұр Әлем» - «Болашақ энергиясы» мұражайы мен Үздік тәжірибелер аймағын сағат 21.00-ге, ЭКСПО мұз айдынын 23.00-ге дейін тамашалай алады.

Бұдан бөлек, ЭКСПО-2017 аумағында келушілердің жайлылығы үшін 1000 автоорындық жерасты тұрағы қарастырылған. Тұрақ тәулік бойы жұмыс істейді, оған кіру/шығу Т. Рысқұлов көшесі жағынан (оңтүстік кіру тобы) жүзеге асырылады.

ЭКСПО 2017 әлеуметтік желіде
Тіркел! Оқы!
ЭКСПО мұрасы
Astana EXPO 2017 - Happy
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2019 © ASTANA EXPO 2017