Баспасөз орталығы / Жаңалықтар

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты талқылауға арналған семинарға қатысты
2018-10-12

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын және «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» іске асыру аясында ағымдағы жылдың 10 қазанында «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-ның ұйымдастырушы кеңсесінде Басқарма Төрағасының орынбасары Б.Б. Бекешевтің басшылығымен жемқорлыққа қарсы мәселелер бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша Департамент басшысы Ж.Ж. Жылқышиеваның және ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі А.С. Оразғұловтың қатысуымен семинар-кеңес өтті.

Кеңес барысында сыбайлас жемқорлық қылмыстардың алдын алу және болдырмау шаралары талқыланды. Қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы бақылау және жемқорлық тәуекелдерін талдау аясында ұлттық компанияда өткізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар жоспарын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар туралы хабардар болды.

Ж.Ж. Жылқышиева компания қызметкерлерін «Астана – адалдық алаңы» жобасымен таныстырып өтті. Жобаның басты мақсаты тұрмыстық жемқорлықты жою және азаматтарға жайлы жағдай жасау. Аталған жобаны 3 жылда іске асыру және республиканың барлық аймақтарын қамту жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, кеңесте қызметтік әдеп нормаларын сақтау бойынша мәселе қарастырылды. Аталған мәселе бойынша ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі А.С. Оразғұлов сөз сөйледі.

ЭКСПО 2017 әлеуметтік желіде
Тіркел! Оқы!
ЭКСПО мұрасы
Astana EXPO 2017 - Happy
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2018 © ASTANA EXPO 2017