Баспасөз орталығы / Жаңалықтар

Қазақстан Республикасының Президенті ЭКСПО аумағында «Astana Hub» халықаралық технопаркін ашты
2018-11-06

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Astana Hub» ІТ-стартаптар халықаралық технопаркін іске қосты.

Технопарктің ғаламдық мақсаты – инновациялық жобалар мен әлемнің түкпір-түкпірінен жас және талантты IT-мамандарын тартатын даму орталығы, сондай-ақ «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Еуропа мен Азия арасындағы digital көпір болу. Қазір осы жоба шеңберінде 146 стартап іске асырылуда.

«Менің ойымша, бұл ЭКСПО аумағының көрмеден кейін пайдаланылуының лайықты дамуы. Технопарк – бұл жас стартаперлердің өз әлеуетін іске асыратын және өз жетістіктерімен Қазақстанның атын шығаратын тамаша мүмкіндік», – деп атап өтті мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев.

Astana Hub – ЭКСПО-2017 көрме кешенінің аумағында жүзеге асырылып жатқан жалғыз жоба емес. Жақын арада өз жұмысын «Астана» Халықаралық қаржы орталығы, IT-университеті, БҰҰ бастамасымен Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы мен EXPO Бизнес-Орталығы бастайды.

Осылайша, ЭКСПО аумағы ең озық қаржылық және технологиялық жобаларды іске асыру үшін барлық табысты отандық және шетелдік компанияларға қолайлы жағдай қамтамасыз ете отырып тартылыс нүктесіне айналуда.

ЭКСПО 2017 әлеуметтік желіде
Тіркел! Оқы!
ЭКСПО мұрасы
Astana EXPO 2017 - Happy
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2018 © ASTANA EXPO 2017