Баспасөз орталығы / Жаңалықтар

«Нұр Әлем» сферасында АХҚО биржасындағы алғашқы сауда-саттықты бастау рәсімі өтті
2018-11-14

Бүгін ЭКСПО көрме кешенінің аумағында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» Халықаралық қаржы орталығының халықаралық қор биржасын іске қосты.

АХҚО биржасы – бұл Орталық Азия, Күнгей Кавказ республикалары, ЕАЭО, Таяу Шығыс және Еуропа елдері үшін қаржы хабы.

Биржаның ғаламдық мақсаты халықаралық деңгейдегі қаржы қызметінің жетекші орталығын қалыптастыру болып табылады.

«АХҚО іске қосу елдің жүйелі және тұрақты дамудағы, сондай-ақ ортақ бағдарламаларымыздың маңызды қадамы болып табылады. Әлемдік қоғамдастықтың үлкен қолдауымен былтыр ЭКСПО-2017 көрмесін сәтті өткіздік. ЭКСПО аумағында салынған ғимараттардың және құрылыстардың негізінде біз ауқымды жоба – «Астана» Халықаралық қаржы орталығын салуды шештік, – деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

АХҚО халықаралық биржасының бастапқы сауда-саттығына 49 шетелдік, 16 отандық заңды тұлға, сонымен қатар Қазақстанның 2700 азаматы қатысты.

«Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы сіздің көрмеден кейін ЭКСПО аумағын пайдалану туралы даму жоспарына сәйкес «Астана» Халықаралық қаржы орталығы салынды. Сұраныс саны біздің күткенімізден асып түсті. 769 миллион долларға өтініш келіп түсті, бұл шетелдік және отандық инвесторлардың қызығушылығының жоғары екендігін растайды», – деді өз сөзінде «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов.

Айта кету керек, АХҚО және Astana Hub сынды ауқымды жобалар ЭКСПО көрме кешенінің аумағында жүзеге асырылуда. Жақын арада мұнда IT-университеті, БҰҰ бастамасымен Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы, сондай-ақ EXPO Бизнес-Орталығы өз жұмысын бастайды.

 

ЭКСПО 2017 әлеуметтік желіде
Тіркел! Оқы!
ЭКСПО мұрасы
Astana EXPO 2017 - Happy
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2018 © ASTANA EXPO 2017