«Астана ЭКСПО-2017»Ұлттық компаниясының Басқарма Төрағасы Е. Шорманов бастаған делегация Париж қаласындағы Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ)Бас Ассамблеясының 164-ші сессиясына қатысты.
Іс-шара аясында ұлттық компания басшысы ХКБ Бас хатшысы Висенте Лоссерталеспен кездесу барысында ЭКСПО-2017 көрме кешенінің базасында «Астана» Халықаралық қаржы орталығы, «Astana Hub» IT-стартаптар технопаркі, жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы, IT-университеті сынды ауқымды жобалардың іске асырылып жатқаны туралы айтты.
Өз кезегінде В. Лоссерталес ұлттық компания делегациясына ХКБ іс-шараларына белсенді қатысқаны үшін алғысын айтып, сондай-ақ, кезекті рет Халықаралық мамандандырылған «Астана ЭКСПО-2017» көрмесінің жоғары деңгейдегі дайындығын және табысты өткенін атап өтті.
Сондай-ақ, айта кету керек, Бас Ассамблея барысында ЭКСПО-2025 көрмесін өткізуге үміткер Екатеринбург (Ресей), Осака (Жапония), Баку (Әзірбайжан) қалаларының таныстырылымы өтті. Дауыс беру нәтижесі бойынша Бүкіләлемдік ЭКСПО-2025 көрмесі Осака қаласында өтеді.