Баспасөз орталығы / Жаңалықтар

«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы «Елорда жұлдызы» премиясына ие болды
2018-12-11

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығына сәйкес 1997 жылдың 10 желтоқсанында ел астанасы Алматыдан Ақмола қаласына ресми көшірілді. Айтулы оқиғаның құрметіне «Елорда жұлдызы» премиясы тағайындалды. Ол енді жыл сайын табысталатын болады.

Салтанатты марапаттау шарасы «Астана» концерттік залында өтті. Құрметті марапатқа елордалық ұжымдар, ұйымдар мен танымал тұрғындар ие болды. Елорданың дамуына елеулі үлес қосқаны және Халықаралық мамандандырылған Астана ЭКСПО-2017 көрмесін сәтті өткізгені үшін «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына да естелік хрусталь мүсінше табысталды.

Естеріңізге салайық, Халықаралық көрмелер бюросы ЭКСПО-2017 көрмесіне тарихтағы ең сәтті мамандандырылған көрме деген баға берді. Көрмеге 115 ел мен 22 халықаралық ұйым қатысты. 93 күн бойы Көрмені 4 миллион адам тамашалады.

ЭКСПО 2017 әлеуметтік желіде
Тіркел! Оқы!
ЭКСПО мұрасы
Astana EXPO 2017 - Happy
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2019 © ASTANA EXPO 2017