Баспасөз орталығы / Жаңалықтар

«Астана ЭКСПО-2017» БҰҰ климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясына қатысты
2018-12-12

«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының ресми делегациясы Польшаның Катовице қаласында өткен БҰҰ әлемдік климаттың өзгеруі жөніндегі 24-ші конференциясына қатысты. Ауқымды жиынға дүниежүзінен 20 мыңнан астам өкіл жиналды. Күн тәртібінде 2015-ші жылдың желтоқсанында 194 ел қол қойған Климат жөніндегі Париж келісім-шартының ережелерін жүзеге асыру мәселелері талқыланып, сондай-ақ, атмосфераға зиянды заттардың шығарылуын төмендету, технологиялық қайта жарақтандыру және климаттың өзгеруіне бейімделу бойынша әлемдік іс-әрекет жоспары белгіленді.

Іс-сапар аясында «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясымен «Астана ЭКСПО-2017 көрмесі мұрасы» тақырыбына, «Жасыл Қазақстан», «Жасыл экономика» жобаларына, сондай-ақ, CO2 шығарылуын кеміту саласындағы отандық ғылыми талдамаларға арналған мазмұнды бренд-аймақ орнатылды.

 

ЭКСПО 2017 әлеуметтік желіде
Тіркел! Оқы!
ЭКСПО мұрасы
Astana EXPO 2017 - Happy
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2019 © ASTANA EXPO 2017