Баспасөз орталығы / Жаңалықтар

ЭКСПО мұз айдыны жаңа маусымын ашты
2018-12-15

Осы демалыс күндері елорда тұрғындары мен қонақтары үшін таза ауада жаппай сырғанау маусымы басталады.

ЭКСПО Көрме кешенінің аумағында жалпы саны 200 адамға арналған ашық мұз айдыны ашылады. Ашық аспан астындағы мұз айдыны таңғы сағат 10.00-ден бастап түнгі сағат 23.00-ге дейін жұмыс істейді.  Аумағы 1300 шаршы метр мұз айдыны елорданың адам ең көп баратын және ең көрікті орындарының бірі - "Нұр Әлем" сферасының етегінде орналасқан. Айта кетейік, "Нұр Әлем" сферасы да осы мереке күндері сағат 10.00-21.00 аралығында ашық болады. Болашақ энергиясы музейi ғарыш, күн, жел, су, биомасса энергиялары мен кинетикалық энергия тақырыптарындағы ең озық интерактивті ойын құрылғыларымен таңғалдырмақ.

Келетін қонақтарға ыңғайлы болу үшін мұз айдынына кіру тегін, ал айдын аумағында коньки жалға берілетін орындар мен тамақтану нүктелері, автокөліктер үшін жерасты паркингі бар. Сонымен қатар, 18 желтоқсан күні қалыптасқан дәстүр бойынша сағат 18.30-да ЭКСПО аумағында еліміздің бас Шыршасы жағылады. Республикадағы басты жаңа жылдық символдың шамдарын жағу рәсімі қонақтарды қысқы ертегі әлеміне жетелеп, Аяз Ата мен Ақшақар әрбір адамды Жаңа жылымен құттықтайды. Ертегілердегі кейіпкерлер балаларға қуаныш сыйласа, кеш соңы ЭКСПО көрме алаңындағы мерекелік отшашумен аяқталады.

ЭКСПО 2017 әлеуметтік желіде
Тіркел! Оқы!
ЭКСПО мұрасы
Astana EXPO 2017 - Happy
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2019 © ASTANA EXPO 2017