Баспасөз орталығы / Жаңалықтар

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс
2018-12-14

14 желтоқсан күні «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ мемлекетіміздің басты ұлттық мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс өткізілді.

Ұлттық компания Басқарма Төрағасы Ербол Шорманов сөз сөйледі. Өз сөзінде ол Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында экономика, әлеуметтік және қоғамдық-саяси салаларда орасан жетістіктерге қол жеткізгенін атап өтті. Елімізді дүниежүзілік қоғамдастық мойындады.

- «Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасының арқасында осы жылдар ішінде Қазақстанда өте маңызды саяси, конституциялық және экономикалық реформалар жүргізілді. Елбасының басшылығымен жүргізіліп жатқан саясат өзінің жемісін беріп, бүгінде қазақстандық жастар ертеңгі күнге сеніммен қарайды», - деп атап өтті Е. Шорманов.

Қазақстанның халықаралық беделі республикамызда ТМД елдері арасында бірінші болып Астана қаласында мамандандырылған «EXPO-2017» көрмесін өте жоғары деңгейде өткізуге мүмкіндік бергенін Басқарма Төрағасы айрықша атап өтті.

- «Үш ай бойы біздің ел бүкіл әлем назарында болды. Бұл Президентіміздің еңбегінің жемісі, халқымыздың жетістігінің дәлелі, Қазақстанның экономикалық ілгерілеуі және өз жұмысын кәсіби деңгейде атқаратын Ұлттық компания қызметкерлерінің нәтижесі», - деп айтты ұлттық компания басшысы.

Ұлттық компания активіндегі бірегей инфрақұрылымның арқасында көрме кешенінің негізінде Астананың жаңа іскерлік орталығы құрылуда. Ол жас астанамыздың және бүтіндей республикамыздың болашақ дамуында ерекше орын алатыны сөзсіз, - деп атап өтті Е. Шорманов.

Салтанатты жиналыс компания қызметкерлерін мемлекеттік марапаттар мен құрмет грамотасымен марапаттаумен жалғасты. Сондай-ақ, көптеген қызметкерлер «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы атынан алғыс хатпен марапатталды.

 

ЭКСПО 2017 әлеуметтік желіде
Тіркел! Оқы!
ЭКСПО мұрасы
Astana EXPO 2017 - Happy
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2019 © ASTANA EXPO 2017