Баспасөз орталығы / Жаңалықтар

EXPO Дүниежүзілік мұражайында «Астана ЭКСПО-2017» экспозициясы ашылды
2018-12-17

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-ның делегациясы Шанхай қаласындағы (ҚХР) «Инновациялар, ынтымақтастық және даму – Дүниежүзілік көрменің болашаққа бағдары» атты халықаралық ынтымақтастықты дамыту бойынша форумына қатысты.

Іс-шара барысында ұлттық компания форумға қатысушыларға Көрме нысандарын көрмеден кейін пайдалану тұжырымдамасымен және ЭКСПО аумағындағы Елордамыздың жаңа іскерлік орталығымен таныстырып өтті. Оған «Астана» халықаралық қаржы орталығы, «Astana Hab» халықаралық IT-стартаптар технопаркі, IT-Университет, Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы, Бизнес-орталығы және т.б. ауқымды жобалар жатады.

Бұдан басқа, іс-шара аясында Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) Бас хатшысы Висенте Лоссерталестің, Дүниежүзілік ЭКСПО мұражайының Директорлар кеңесінің төрағасы Хонг Хаоның және Қытай бизнес қоғамдастығы өкілдерінің қатысуымен «Астана ЭКСПО-2017» - «Болашақ энергиясы» экспозициясының ашылуы болды.

В. Лоссерталес атап өткендей, «ЭКСПО-2017» экспозициясы 2019 жылдың наурызында Дүниежүзілік EXPO мұражайының топтамасына өтіп, тұрақты көрменің бір бөлігіне айналады. Онда келушілер көптеген ғылыми-техникалық және дүниежүзілік қоғамдастықтың мәдени жетістігін бейнелейтін үш мыңнан астам экспонатты тамашалай алады.

«Болашақ энергиясы» экспозициясы «Әсем Астана», «Болашақ энергиясы», «Энергетикалық фокус», «Жарық пен көлеңкенің саяхаты» сынды төрт тақырыптық аймақтан тұрады. Олар Астана қаласында өткен «ЭКСПО-2017» көрмесінде қатысушы елдермен ұсынылған балама қуат көзі, қуат және ресурс үнемдейтін технологиялар саласындағы жобалардың іске асырылу үдерісін көрсетеді.

ЭКСПО 2017 әлеуметтік желіде
Тіркел! Оқы!
ЭКСПО мұрасы
Astana EXPO 2017 - Happy
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2019 © ASTANA EXPO 2017