Баспасөз орталығы / Жаңалықтар

ЭКСПО футбол командасы «Qazaqstan Qyzmet Cup» футбол чемпионатының 1/8 финалына шықты
2019-03-07

6 наурыз күні «Астана Арена» стадионында «Qazaqstan Qyzmet Cup» (QQC) мемлекеттік қызметкерлер мен квазимемлекеттік сектор компаниялары арасында футбол чемпионатының плей-офф раундына шығу үшін топтық кезеңнің соңғы матчы өтті.

Шешуші ойында ЭКСПО футбол командасы есеп комитетінің командасын жеңіп шықты. Матч 4:2 есебімен Ұлттық компания қызметкерлерінің жеңісімен аяқталды.

Қарсыласының қақпасына қос доп соғып ерекшеленген ұйымдастыру-кадрлық жұмыс департаментінің менеджері Достан Мұқият және өз есебіне бір голдан жазып алған Басқарма Төрағасының кеңесшісі Данияр Әліқұлов пен экономика және бюджетті жоспарлау департаментінің бас менеджері Ғалымұлы Мәди.

Келесі ойын ағымдағы жылдың 11 наурыз күні өтеді.

ЭКСПО 2017 әлеуметтік желіде
Тіркел! Оқы!
ЭКСПО мұрасы
Astana EXPO 2017 - Happy
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2019 © ASTANA EXPO 2017