Баспасөз орталығы / Жаңалықтар

«Нұр Әлем» Сферасында Жастар жылының ашылу салтанаты өтті
2019-01-23

ЭКСПО аумағы республикалық және халықаралық деңгейдегі ауқымды іс-шараларды өткізетін алаңға айналды. Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы Жастар жылын ресми түрде ашты. «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» салтанатты ашылу рәсімі «Нұр Әлем» Сферасында өтті.

Іс-шараның қатысушылары барлық санаттағы жастар өкілдері: «100 жаңа есім» байқауының жеңімпаздары, «Болашақ» бағдарламасының түлектері, жас ғалымдар, спортшылар, дарынды балалар, танымал блогерлер мен вайнерлер, балалар үйінің тәрбиеленушілері мен түлектері, жас әскери қызметкерлер және т.б.

«Тәуелсіздіктің ұрпақтары» салтанатты ашылу рәсімі мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға және жан-жақты қолдауға бағытталған кең көлемді іс-шаралар жоспарын іске асырудың бастамасы болып келеді.

– Жастар – еліміздің қазіргі әлемдегі бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторы. Қазақстанның болашағы сіздерге – сіздердің білімдеріңізге, күш-жігерлеріңіз бен патриоттық сезімдеріңізге байланысты. Қазір қолға алынған жұмыстардың бәрі сіздердің бақытты өмірлеріңіз, сондай-ақ өз әлеуеттеріңіз бен мүмкіндіктеріңізді толық жүзеге асыра алу үшін атқарылып жатыр, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

ЭКСПО 2017 әлеуметтік желіде
Тіркел! Оқы!
ЭКСПО мұрасы
Astana EXPO 2017 - Happy
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2019 © ASTANA EXPO 2017