Баспасөз орталығы / Жаңалықтар

ЭКСПО футбол командасы «Qazaqstan Qyzmet Cup» қысқы турниріне қатысты
2019-01-30

30 қаңтар күні «Астана Арена» стадионында «Qazaqstan Qyzmet Cup» қысқы футбол турнирінің салтанатты ашылуы өтті. Футбол жарысы мемлекеттік органдардың және квазимемлекеттік сектор компанияларының командалары арасындағы үлкен турнир болып саналады.

Биыл «үздік футбол командасы» атағы үшін 24 ұжым таласатын болады.

Астана ЭКСПО ұлттық компаниясының командасы бұл жарысқа алғаш рет қатысуда.Әріптестеріміз бірінші матчты «Ұлттық олимпиадалық комитетінің» командасымен өткізіп, 4:2 есебімен жеңіске жетті. Хет-трик экономика және бюджетті жоспарлау департаментінің менеджері Ғалымұлы Мәдидің есебінде, ал төртінші гол объектілерді басқару департаментінің бас менеджері Әбілов Әуез-Әбілсаидтың еншісінде.

Біздің команда А тобында жайғасты, онда ҰҚК, Президент Әкімшілігінің, Есеп комитетінің және «Нұр Отан» партиясының футболшылармен кездесу күтіп тұр.

Жарыс әр сәрсенбі сайын сағат 20:30 «Астана Арена» стадионында өтеді.

ЭКСПО 2017 әлеуметтік желіде
Тіркел! Оқы!
ЭКСПО мұрасы
Astana EXPO 2017 - Happy
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2019 © ASTANA EXPO 2017