Баспасөз орталығы / Жаңалықтар

«Нұр Әлем» Сферасы жыл сайынғы «2ГИС-2018» сыйлығының «Театрлар және мұражайлар» номинациясы бойынша «жылдың жаңалығы» атанды
2019-02-06

«2ГИС» халықаралық картографиялық компаниясының мәліметі бойынша «Нұр Әлем»Сферасы пайдаланушылар арасында үлкен сұраныс пен жоғары бағаға ие болды. Осылайша, «Болашақ энергиясы» мұражайы жыл сайынғы «2ГИС-2018» сыйлығының «Театрлар және мұражайлар» номинациясы бойынша «жылдың жаңалығы» атанды.

«2ГИС» сыйлығы түрлі қызмет саласындағы компанияларға пайдаланушы рейтингісі, пікірлер, қоңыраулар, бағыттар саны, сондай-ақ, сайтқа және әлеуметтік желілерге өту бойынша бағаланып тапсырылады.

Бұл құрмет компаниялар үшін қызмет көрсету сапасы мен танымалдығын растауға мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, «Нұр Әлем» Сферасы – мыңдаған отандастарымыз бен әлемнің түрлі елдерінен келетін қонақтарды ең озық инсталляциялары мен тақырыптық зертханаларымен қызықтыратын сегіз қабатты ЭКСПО көрме кешенінің орталық нысаны.

Сфераның контенттік мазмұнының байлығы оған тек ойын-сауықтық сипат беріп қана қоймай, республикамыздың білім және ғылым базасын дамытуға мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, қала тұрғындары мен қонақтары үшін сүйікті демалыс орны болып қала бермек.

ЭКСПО 2017 әлеуметтік желіде
Тіркел! Оқы!
ЭКСПО мұрасы
Astana EXPO 2017 - Happy
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2019 © ASTANA EXPO 2017