Баспасөз орталығы / Жаңалықтар

«Нұр Әлем» Сферасында республикалық ұстаздар семинары өтті
2019-02-14

Елордамыздың көрікті жерлерінің біріне айналған «Нұр Әлем» Болашақ энергиясы мұражайы өзін беделді ғылыми-білім беру орталығы ретінде танытуда.

Бүгін «Нұр Әлем» Сферасында облыстық, өңірлік және қалалық әдістемелік кабинеттердің басқарушылары мен меңгерушілері үшін «Кластерлер – білім беру ұйымдары жетістіктерін дамытудың жаңашыл формасы» атты семинар өтті.

Семинар барысында Астана қаласы Білім басқармасының қызметкерлері кластерлік жұмыс шеңбері аясында білім саласындағы халықаралық басқару тәсілдерін жақсарту және енгізуге қатысты басым бағыттар бойынша білімді ұйымдастыру тәжірибелерімен бөлісті.

«Біз үшін осындай жоғары деңгейдегі семинарды «Нұр Әлем» Сферасының қабырғасында өткізудің өзгеше мәні бар. Мұражайдың контенттік мазмұны, нысаналы мақсаты бізді, яғни білім беру саласы қызметкерлерін еліміздің даму тенденциясы және Елбасымыздың бағдарламалары негізінде маман ретінде жетілуге септігін тигізеді», - деп Астана қаласы Білім беруді модернизациялау орталығының директоры Г. Ибраева атап өтті.

ЭКСПО 2017 әлеуметтік желіде
Тіркел! Оқы!
ЭКСПО мұрасы
Astana EXPO 2017 - Happy
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2019 © ASTANA EXPO 2017