Баспасөз орталығы / Жаңалықтар

ЭКСПО Конгресс-орталығында «Нұр Отан» партиясының XVIII Съезінің IV панельдік сессиясы өтті
2019-02-26

Бүгін ЭКСПО Конгресс-орталығында «Нұр Отан» партиясының XVIII Съезі аясында 200-ден астам делегаттың, соның ішінде орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары мен барлық аймақ өкілдерінің қатысуымен IV панельдік сессия өтті. Сессия тақырыбы – «Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған тапсырмаларды, Бес әлеуметтік бастаманы және «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейін қарастырылған бағдарламасын іске асыру аясында экономикалық өсудің жаңа моделін қалыптастыру, кірістерді арттыру және халықтың өмір сапасын жақсарту».

«Бүгін біз Мемлекет басшысының бастамаларының іс жүзінде іске асырылған ЭКСПО көрме кешенінің аумағындамыз. Осындай қысқа мерзімде ЭКСПО инновациялық Қазақстанның жарқын символына айналды. Біздің міндетіміз Президентіміздің идеяларын іске асыру мен тапсырмаларын орындауды қамтамасыз ету», - деп атап өтті ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Альберт Рау.

Іс-шара соңында панельдік сессияның қатысушылары үшін «Нұр Әлем» Сферасына экскурсия ұйымдастырылды.

Ертең, 27 ақпан күні Астанада саяси ұйымның 20 жылдығына орай Қазақстан Республикасының Президенті, партия Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен «Нұр Отан» партиясының XVIII Съезді өтеді.

ЭКСПО 2017 әлеуметтік желіде
Тіркел! Оқы!
ЭКСПО мұрасы
Astana EXPO 2017 - Happy
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2019 © ASTANA EXPO 2017