Баспасөз орталығы / Жаңалықтар

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин ЭКСПО көрме кешенінде болып қайтты
2019-03-14

Сапар барысында А. Мамин «Astana Hub» халықаралық IT-стартаптар технопаркінде инновациялық жобалардың өкілдерімен кездесіп, цифрландыруды дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Бұдан бөлек, Премьер-Министр Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығына барды, сондай-ақ, «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту жөнінде кеңес өткізді.

ЭКСПО көрме кешенінің аумағын аралау барысында Премьер-Министр Халықаралық көрме орталығының және IТ-университеті ғимаратының құрылысы мен қайта құрастыру жұмыстарымен танысты.

Жалпы ауданы 20 мың шаршы метр Көрме орталығы жаһандық және ұлттық көрмелерді, конгресстік іс-шараларды халықаралық деңгейде өткізуге арналған көпфункционалды бизнес-алаңы болмақ. IT-университеті инновациялық, жеделдетілген бағдарламалар бойынша Қазақстанның сандық саласына жоғары білікті мамандарды даярлаумен айналысатын болады.

 

ЭКСПО 2017 әлеуметтік желіде
Тіркел! Оқы!
ЭКСПО мұрасы
Astana EXPO 2017 - Happy
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2019 © ASTANA EXPO 2017