Баспасөз орталығы / Жаңалықтар

XII Астана экономикалық форумы – Шабыттандырушы өсім: Адамдар, Қалалар, Экономикалар
2019-04-19

16-17 мамыр күні Қазақстан Республикасының астанасы Нұр-Сұлтан қаласында әлемдік экономиканың өзекті мәселелерін және Қазақстан үшін оларды шешу бойынша ұсыныстар әзірлеуді талқылау үшін жаһандық көшбасшылар мен жетекші халықаралық сарапшылар жиналады.

Форумның күн тəртібі әлемдік экономиканың, өнеркәсіптің және технологиялардың жаңа салаларын дамыту, сондай-ақ Қазақстанның және әлемнің басқа елдерінің алдында тұрған жаһандық сын-қатерлері сынды маңызды мәселелерді талқылауды қамтиды.

XII Астана экономикалық форумының басты тақырыбы – Шабыттандырушы өсім: Адамдар, Қалалар, Экономикалар. Іс-шараға қатысушылар тұрақты өсудің жаңа жолдарын, адам капиталының дамуы мен білім және инновация халықаралық орталықтары есебінде қалалар әлеуетін күшейтуді талқылайды.

АЭФ іс-шаралары дәстүрлі түрде панельді сессия, дөңгелек үстел, конференция және бизнес-диалог форматында өтеді. Форумда барлығы 50 ивент жоспарланған. XII Астана экономикалық форумы алаңындағы ең маңызды іс-шаралар: ел басшылығының қатысуымен өтетін сессиялар, жаһандық комиссияның еңбек болашағы жөніндегі баяндамасын зерттеу және талқылау үшін халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) 100 жылдығына орай Халықаралық конференциясы, 2020 жылы Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ жоғарғы органы) 12-ші Министрлік конференциясын даярлау жөніндегі аралық отырысы, БҰҰ аясында тұрақты даму мақсаттары бойынша бірінші қазақстандық форумы, G-Global Халықаралық Хатшылығының қолдауымен әлемдік зияткерлік элита және ҚР үкіметінің қатысуымен стратегиялық сессиясы, Кавказ және Орталық Азия елдерінің, Еуразиялық экономикалық одағына мүше мемлекеттердің және Моңғолия қаржы министрлері мен орталық банктер басшыларының дөңгелек үстелі.

Биылғы жылы EXPO Конгресс-орталығында және Hilton Astana-да өтетін АЭФ-2019 5 мыңға жуық адам қатысады. Солардың жартысы – әлемнің 100-ден астам елінен келген шетелдік делегаттар. Бүгінгі таңда өздерінің қатысатындықтарын растаған халықаралық қонақтар: Пол Ромер, экономика бойынша 2018 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты, Дүниежүзілік банктің бас экономисі (2016-2018); Кристин Лагард, Халықаралық валюта қорының Басқарушы-директоры; Стэнли Фишер, АҚШ Федералдық резерві Төрағасының орынбасары (2014-2017); Рае Квон Чунг, 2007 жылғы әлемдік Нобель сыйлығының лауреаты, Инчхон мемлекеттік университетінің (Корея Республикасы) құрметті профессоры; Ристо Сииласмаа, Nokia компаниясының Директорлар кеңесінің төрағасы, F-Secure Corporation негізін қалаушы; Герман Греф, РесейСбербанкінің Президенті және Басқарма Төрағасы; Армида Алисджабана, БҰҰ Бас Хатшысының орынбасары, Азия және Тынық мұхитына арналған экономикалық және әлеуметтік комиссияның (АТМЭӘК) атқарушы хатшысы.

АЭФ-2019 осындай белгілі саясатшылар мен сарапшылардың қатысуы –іс-шараның өзіне қызығушылықтың арта түскендігінің көрсеткіші ғана емес, сонымен қатар, ашық диалог пен өзара ынтымақтастыққа даярлықтың белгісі. Форумда екі күннің ішінде 100-ге жуық спикер сөз сөйлейді.

Қатысушылар үшін тіркеу және БАҚ өкілдерін аккредиттеу форум сайтында ашылып қойды: http://astanaeconomicforum.org (http://forum-astana.org)

***

Форум туралы

Астана экономикалық форумы – Еуразияның жыл сайынғы орталық іскерлік оқиғасы.

11 жылдық жұмысында Астана экономикалық форумы (АЭФ) әлемдік экономика мен қаржы жүйесін сауықтыру және дамыту мәселелерін талқылауға арналған ең ықпалды халықаралық алаңдардың бірі мәртебесіне ие болды. Форумға әлемнің 150 елінен 50 000-ға жуық делегат қатысты, олардың арасында 20-дан астам Нобель лауреаты мен 30-дан астам жоғары деңгейдегі шетелдік саяси қайраткер бар.

Конгресс аясында 20 млрд. АҚШ долларынанасатынсомаға 300-ден астам меморандум мен келісімжасалды.

АЭФ тақырыптамасыжылсайынөзектілендіріледіжәнежалпыәлемдік даму проблемалары мен міндеттерініңкеңауқымынқамтиды, сондай-ақталқылаулардыңкеңауқымыүшінкоординаттардыбелгілейді.

***

Өзіңізді қызықтыратын сұрақтар бойынша келесі телефондар арқылы байланыса аласыз:

  • «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі: тел.: +7 7172 91 70 81, +7 7172 91 71 23, e-mail:expo2017astana.pr@gmail.com;
  • БАҚ аккредиттеу: Жақсыгелді Айдана +7 7172 91 70 83;
  • Жалпы мәселелер бойынша: Өтепбаева Динара +7 7172 91 71 74, +7 777 7700 111

ЭКСПО 2017 әлеуметтік желіде
Тіркел! Оқы!
ЭКСПО мұрасы
Astana EXPO 2017 - Happy
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2019 © ASTANA EXPO 2017