Баспасөз орталығы / Жаңалықтар

ЭКСПО көрме кешенінің аумағындағы Деректерді өңдеу орталығы
2019-04-17

ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне (бұдан әрі – Көрме) дайындық және өткізу кезеңінде 18 телекоммуникациялық тіреу бойынша жұмысты іске асыру үшін Байланыс орталығының ғимаратында Деректерді өңдеу орталығы (бұдан әрі –ДӨО) іске қосылды.

Бұл нысанда Көрме кезінде әртүрлі IT және телекоммуникациялық қызметтер жұмыс істеді, соның ішінде Көрме желісінің өзегі, кешенді және ақпараттық қауіпсіздік жүйелері, келушілерді қолдау серверлері, билеттерді сату жүйесінің резервтік сервисі, Smart-Grid жүйесін, автотұрақ кеңістігін басқару және т.б.

Көрмеден кейін ыңғайлы инфрақұрылымның, 7 ең ірі телекоммуникациялық қызметтер операторларының, соның ішінде ұялы желі операторларының және жалпы қуаттылығы 4.5 МВт асатын, одан әрі арттыру мүмкіндігіне ие екі тәуелсіз электрэнергиясы кірісінің болуы арақасында ДӨО-на мемлекеттік және жеке компаниялар тарапынан үлкен назар аударылды.

ЭКСПО-2017 нысандарын көрмеден кейін пайдалану мәселелеріншешу және «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2018 жылдың ортасында ұлттық компания Қазақстанның ең ірі телекоммуникациялық операторы «Қазақтелеком» АҚ-мен ДӨО ұзақ мерзімді жалдау шартын жасасты.

 

ЭКСПО 2017 әлеуметтік желіде
Тіркел! Оқы!
ЭКСПО мұрасы
Astana EXPO 2017 - Happy
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2019 © ASTANA EXPO 2017