Баспасөз орталығы / Жаңалықтар

EXPO орталығында бірегей виртуалды тур ашылды
2019-04-30

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы ауқымды және көрнекі әсері бар бірегей жоба құрастырды. Үлкен виртуалды саяхат ЭКСПО бизнес-орталығының негізгі объектілерін қамтиды: «Болашақ энергиясы» мұражайы - «NurAlem» сферасы, Конгресс-орталық, EXPO Business Center, Астана халықаралық қаржы орталығы, «IT Startups Astana Hub» халықаралық технопаркі, «Hilton Astana» қонақ үйі, Nomad Hall концерт залы. Цифрлық құралдардың арқасында EXPO нысандары онлайн режимінде бүкіл әлемге қол жетімді болады.

Визуалды турға шығу үшін, сізге тек https://expo2017astana.com сайтына кіруіңіз керек - Виртуалды шындық технологиясының арқасында Сіз бизнес орталықтың қақ ортасында орналасқан «Нұр Алем» сферасының объектілерінің бірегей сәулетімен, тақырыптық экспонаттарымен танысуға мүмкіндік аласыз. Бизнес орталықтың ыңғайлы кеңселерінде интерактивті түрде жүріп, Hilton Hotel қонақ үйінің ыңғайлы бөлмелері арқылы серуендеп, Astana Hub холдингінің сауда алаңдары мен көрме кешенінің территориясын жоғарыдан көруге мүмкіндік аласыз.

Оңай навигация және дыбыстық визуалды ақпараттық сүйемелдеу ЭКСПО нысандарын шынайы аралап жүргендей әсерін тудырады. Виртуалды көзілдірігін кие отырып, кез келген құрылғыда шынайылықты тудырады.

Панорамалар өзіңіздің айналағызды 360 градусқа және 180 градусқа жоғары,төмен қарастыруыңызға мүмкіндік береді.

Бұдан өзге, қосымшада ЭКСПО-ға экскурсия жасайтын мүмкіндіктер бар: «НұрАлем» сферасына кіру және Конгресс- хол орталығына өткізілетін концерттерге билетін сатып алу мүмкіндігі мен «навигациялық карта» таңдау мүмкіндігі бар. Пайдаланушыларға ыңғайлы интерфейс арқасында өзінің қай жерде жүргенін біліп отырады. Сондай ақ кеңестер үшін, қалқымалы терезелер функциясы қолданылады.

«Нұр Алем» Сферасының Бизнес-орталықтың басты «кереметі» онлайн-экскурсиясы сіз үшін өте қызықты оқиға боламақ: сандық роботтар - бағыттаушылар табиғи элементтердің - желдің, күннің, судың және т.б. негізделген альтернативті энергияны енгізу бойынша жобалармен қызықты ақпарапен алмасады. Бейнеэффектілер «Сфераның» кеңейтілген қондырғыларымен таныстыруға, қонақты қажет қабаттарға жоғары жылдамдықпен және кең әдемі жедел сатылармен жеткізіп салуға мүмкіндік береді, сондай-ақ, интерактивті мүмкіндіктер Сізге Ұлттық павильондағы ұлы композиторлардың күйлерін тыңдауға мүмкіндік береді.

Енді көрме кешеніне баруға мүмкіндігі жоқ кез келген адам немесе ол туралы білгісі келетін адам Экспо нысандары мен экспонаттарына олайн тур арқылы тамашалай алады.

 

ЭКСПО 2017 әлеуметтік желіде
Тіркел! Оқы!
ЭКСПО мұрасы
Astana EXPO 2017 - Happy
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2019 © ASTANA EXPO 2017