Баспасөз орталығы / Жаңалықтар

XII Астана экономикалық форумының жұмыс істеуіне 10 күн қалды
2019-05-06

2019 жылғы 16-17 мамырда Қазақстан Республикасының астанасы - Нұр-Сұлтанда, EXPO Конгресс-орталығында жылдың негізгі экономикалық оқиғасы - АЭФ -2019 өтеді. Осы жылы АЭФ-2019 делегаттардың рекордтық саны күтілуде.

Форумға 5 мыңға жуық адам қатысады, олардың жартысы әлемнің 50 елінен келген шетелдік делегаттар.

Астана экономикалық форумы - бұл әлемдік экономикадағы ең маңызды мәселелерді талқылау алаңы ғана емес, сонымен бірге тиімді тәжірибе алмасу, серіктестікті дамыту, ең өршіл идеялар мен инновациялық жобаларды ілгерілету орны. Астана экономикалық форумының тақырыбы жыл сайын жаңарып отырады және жаһандық дамудың көптеген мәселелері мен міндеттерді қамтиды. АЭФ-2019 негізгі тақырыбы - ШАБЫТТАНДЫРУШЫ ӨСІМ: ХАЛЫҚ, ҚАЛАЛАР, ЭКОНОМИКА бес маңызды бағытқа бөлінді: жаһандық күн тәртібі; аймақтық макроэкономикалық күн тәртібі; болашақ қалалары; технологиялық күн тәртібі; адами капитал - Қазақстанның инклюзивтік дамуы. Қатысушылар тұрақты дамудың жаңа жолдарын, адам капиталын дамытуды және қалалардың халықаралық білім және инновация орталықтары ретінде әлеуетін күшейтуді талқылайды.

АЭФ-2019-да Қазақстанда әлі болмаған жаңа конгресстің бірнеше форматы жоспарланған. Алғаш рет Халықаралық валюта қорының Қаржы министрлері мен Кавказ және Орталық Азия аймақтары елдерінің орталық банктерінің басшылары, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер мен Моңғолияғаның қатысуымен дөңгелек үстел өткізіледі. БҰҰ қамқорлығымен тұрақты даму саласы бойынша бірінші қазақстандық форумды өткізу жоспарлануда. Форумда Халықаралық еңбек ұйымының 100 жылдығына орай халықаралық конференция, Дүниежүзілік сауда ұйымының 2020 жылғы 12-ші министрлік конференциясын дайындау туралы аралық кездесу, G-Global халықаралық хатшылығының қолдауымен жаһандық интеллектуалды элитаның қатысуымен және ҚР Үкіметі қатысуымен стратегиялық сессия, "Еуразиялық интеграция идеясынан іске асыруға дейін 25 жыл", Kazakhstan Global Investment Roundtablе ұйымдастырылуда.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Астана экономикалық форумы әрдайым оның қатысуымен өтеді. АЭФ-2019 ерекше болмайды. Форумның пленарлық отырысына ҚРТұңғыш Президенті қатысады.

Форумның басты оқиғаларының бірі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен дөңгелек үстел болады. ҚР Президентімен кездесудегі қатысушылар Сэнли Фишер, Герман Греф, Ханс-Пол Бюркнер, Армида Салсия Алишахбана, Кеннет Рогофф, Морис Обстфельд және басқалары болады. Отырыста АЭФ күн тәртібіне қойылған ағымдағы мәселелер мен жаһандық экономикалық даму тенденциялары талқыланады. Форумның жаңалығы жастар мен студенттерге бағытталған AEF Talks үлгісін ұйымдастыру болады. AEF Talks қазақстан жастарына АЭФ-2019 атақты ғалымдар мен саясаткерлермен қызықты дәріс-сұxбаттарға қатысу мүмкіндгін береді.

 

Форум бойынша толық ақпаратты келесі нөмір арқылы біле аласыз: 8 800 004 01 40

Қатысушыларды тіркеу үшін: http://astanaeconomicforum.org/ru/page_id=7

БАҚ өкілдерін аккредиттеу: http://reg.forum-astana.org/public/registration-media

 

ЭКСПО 2017 әлеуметтік желіде
Тіркел! Оқы!
ЭКСПО мұрасы
Astana EXPO 2017 - Happy
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2019 © ASTANA EXPO 2017