Баспасөз орталығы / Жаңалықтар

«Бізге таныс және уйреншікті экономикамыздың бет-әлпеті өзгеруде» Н.Назарбаев АЭФ-2019-ның ашылуында
2019-05-16

XII Астана экономикалық форумының пленарлық отырысы Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтті. Ауқымды конференция 16-17 мамырда Елордада өтуде. Форумның негізгі тақырыбы:  «Ынталандырушы өсу, адамдар, қалалар, экономикалар».

Өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев форумның маңыздылығымен қоса, АЭФ алаңында осы күндері талқыланатын негізгі мәселелерді атап өтті. Әсіресе, АҚШ пен Ресей арасындағы санкцияланған қарама-қарсылық айқын болып тұр деп санайды.

Сонымен қатар, Елбасы цифрлік трансформация біздің таныс және үйреншікті экономикамыздың бет-әлпетін өзгертуде, ал мобильді және шығармашылыққа икемді адами капитал - экономикалық өсудің маңызды факторы болып табылады деп мәлімдеді. «2030 жылға қарай дүние жүзі бойынша шамамен 375 миллион адам өз мамандығын өзгертуге және қайта даярланудан өтуге мұқтаж болады», - деді Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті.

Елбасымыз сондай-ақ 2050 жылға қарай 10 адамның 7-еуі қала тұрғындары болады деп болжам берді. «Сондықтан қазіргі таңның өзінен бастап инвестиция мемлекеттерге емес, қалаларға келуде», - деді Назарбаев.Қазақстан экономикасының халықаралық экономикадағы өсіп келе жатқан рөлі туралы айта келе, Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылы Global Challenges Summit өткізілгенін еске салды. Осы форумның алаңында БҰҰ Бас Ассамблеясының қолдауымен дағдарысқа қарсы екі конференция өткізіліп, солардың негізінен дамыған ұсыныстар Қазақстанға жаһандық қауіп-қатерлерге уақытылы жауап қайтаруға және қиындықтарды сәтті жеңуіне көмектесті.

Елбасымызбен қатар пленарлық отырыста, Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристин Лагард, Армения Республикасының Президенті Армен Саргсян, Грузия премьер-министрі Мамука Бахтадзе, Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Хан Чжэн, Сбербанктің президенті Герман Греф, Nokia корпорациясының директорлар кеңесінің төрағасы Ристо Силасмаа, 2018-інші жылғы экономика саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты, 2016-2018 жылдардағы дүниежүзілік банктің бас экономисті Пол Ромер бас қосты. Euronews тілшісі Стефан Гробе модератор рөлін атқарған.

Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристин Лагард өзінің бұрынғы Қазақстанға жасаған сапары туралы естеліктерімен бөлісті. “Сол сапар барысында көптеген адамдар белгілі ақын Абайдың сөздерін мысалға келтірді. Осы жылдар бойы есімде калған сөздерінің бірі: «Ақырын жүріп, анық бас”. Oсы аймақтың перспективаларын және оның алдында тұрған мәселелерді талқылау үшін бұл сөздің концепциясын негіз ретінде алғым келеді », - деді ол.

Лагардтың айтуынша, ағымдағы және 2020 жылға қарай бүкіл Кавказ және Орталық Азия аймағындағы өсім қарқыны 4,1 пайыз деңгейіне дейін өсіп сақталады. Бұған қарамастан бұл көрсеткіш осы өңір үшін ұзақ мерзімді әлеуетті деңгейден әлдеқайда төмен. Бұған қоса, Еуропа мен Азияның дамып келе жатқан нарықтық елдерінің өмір сүру деңгейіне тең дәрежеге қол жеткізу үшін осындай қарқын тым төмен.

«Алдымызда тұрган міндет анық. Өсу қарқынын жоғарырақ тұрақты деңгейге көтеру керек. Осы мақсатқа асықпай, бірақ сенімді түрде ұмтылуымыз қажет. Ол үшін бізге ішкі саясаттың нақты шаралары, экономикалық диверсификация және халықаралық ынтымақтастықты белсендіру қажет. Және, ең бастысы, әйелдердің, жастардың, әлеуметтік жағдайы төмен және ауыл азаматтарының болашағын жақсарту үшін инклюзивті және тұрақты дамуды қамтамассыз ету  керек », - деді Кристин Лагард.

Форумға қатысушылар бүгінгі күні өте бай бағдарламаға ие екендігін айтады. Бүгінгі таңда жаһандық экономикадағы жаңа норма - сауда-саттық соғыстары және протекционизм, жаһандық ынтымақтастық жүйесіндегі құлдырау қаупі, дамушы елдердің жоғары табысты бірқатар елдердің қатарына көшуі сияқты тақырыптар талқыланады.

Бұдан басқа, форум барысында  Еуразиялық экономикалық одақтың бизнестің перспективаларын талқылау сессиясы, "Егемендіктің интеграциясына 25 жыл" атты панельдік сессия және Big Data Conference жоспарланып отыр.

АЭФ-2019 бойынша алғашқы күнінің басты тақырыптарының қатарында адами капиталдың дамуы, “жасыл” мәдиниетінің өсуіне арналған инновациялық экожүйелерді құру және Халықаралық Еңбек Ұйымының (ХЕҰ) еңбек туралы келешекке арналған жаһандық комиссиясының баяндамасын талқылауды атап өтуге болады.

Сонымен қатар, АЭФ Talks атты жастар үшін ашық дәрістер мен бірқатар маңызды кездесулер болады. Оның ішінде қаржы министрлері мен Кавказ және Орталық Азия, Моңғолия және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің орталық банктерінің басшыларының дөңгелек үстелдері болады. Қатысушылар инклюзивтік даму бойынша саясат шараларын талқылайды.

Естеріңізге сала кетсек, форум әлемнің 74 елінен 5,5 мың делегат қарсы алып жатыр. Бүгінге шетелдік және қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан аккредиттелгендердің адамдар саны әлемнің 30 елінен 710 өкілден асып түсті.

Форум бұрын-соңды болмаған ауқымды көрсетіп жатыр. Екі күн ішінде 50-ден астам сеанстар мен іс-шаралар өткізіледі. Бұл АЭФ-тың 12 жылдық тарихындағы рекордтық көрсеткіштер болып табылады. Бұдан басқа, осы жылы студенттер мен жастар алғаш рет АЭФ Talks сессиясына тегін қатысуға және Нобель сыйлығының лауреаттары мен мемлекеттік саясаткерлерді қарсы алуға мүмкіндік ала алады. АЭФ 2019 бойынша бұдан бұрын Қазақстанда әлі іске асырылмаған бірнеше жаңа форматтар пайда болды. Сондай-ақ, алғаш рет Халықаралық валюта қорының қатысуымен  Қаржы министрлері мен елдердің орталық банктерінің губернаторлары үшін дөңгелек үстел және БҰҰ-ның орнықты даму мақсаттарына арналған бірінші қазақстандық форумы өткізіледі.

Дәстүр бойынша Астана экономикалық форумы күн тәртібіндегі мәселелерді шешіп, жоғары трибуналардан айтылған құнды ұсыныстарды дамытуға және олардың тиiмді іске асырылуына мүмкіндік береді.

ЭКСПО 2017 әлеуметтік желіде
Тіркел! Оқы!
ЭКСПО мұрасы
Astana EXPO 2017 - Happy
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2019 © ASTANA EXPO 2017