Баспасөз орталығы / Жаңалықтар

EXPO Конгресс-Орталығы Орталық Азиядағы «Comic Con Astana» ең ірі поп-мәдениет фестивалі алаңына айналады
2019-06-01

ЭКСПО іскерлік орталығы Қазақстандағы event-индустриясының эпицентрі болуды жалғастыруда. Орталықтың көпфункционалды инфрақұрылымы - ірі халықаралық және ұлттық көрмелерді, конгресстік іс-шараларды және басқа да мәдени іс-шараларды өткізуге арналған тамаша мүмкіндік. 16-17 мамырда XII Астана экономикалық форумы сәтті өтті. АЭФ-2019-ға әлемнің 74 елінен 5600 делегат қатысты. Форумның жоғары деңгейде өтуінің өзі таңдалған АЭФ-ті өткізу орны да мағызды рөл атқарды. ЭКСПО Конгресс-орталығы ірі іскерлік және мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға арналған бірегей орын. Нысанның залдары трансформерлі, 4500 адам еркін сыйады, іс-шараларды жобалау кезіндегі кез-келген дизайнерлік идеяларды жүзеге асыра алады және іс-шараның жеке стиліне бейімделеді.

31 мамыр мен 2 маусым аралығында Конгресс-орталық Қазақстандағы және Орталық Азиядағы «Comic CON Astana» бірінші поп-мәдениет фестивалінің жұмысы алаңына айналады. EXPO іскерлік-орталық нысаны үш күн бойы Марвел киносы, аниме, косплей, комикстер және бейне ойындардың жанкүйелері үшін шынайы жұмаққа айналады.

Фестиваль аясында әртүрлі компьютерлік және үстел ойындарының турнирлері, үстел ойыны, костюмдер көрсетілімі, Стас Давыдов, Денис Оптимист сияқты жетекші видеоблогерлермен кездесу өтеді, ал іс-шараның хэдлайнері - «Игра Престолов» телесериялында басты рөлді сомдаған - Фил Асбек.

Comic Con - әлемге әйгілі Гик индустриясындағы басты фестиваль. Comic Con фестиваль форматы алғаш рет АҚШ-та іске асырылған және қазіргі уақытта барлық комикстерге, кинорежиссерлерге, бейне ойындар, мультфильмдер мен телешоулардың жанкүйерлеріне танымал. Әлемнің көптеген елдерінде өткізілген бұл фестиваль үлкен комикстің Әлемдік авторлары үшін дәстүрлі кездесу орны болып табылады.

«Comic Con Astana» аясында ЭКСПО Конгресс - орталығы шамамен 70 мыңға жуық қонақты, соның ішінде алыс, жақын шет елдерден келген және қазақстандықтарды қабылдауға ниетті. Іс-шараға қатысушылар комикстер биылғы жылдың басты премьераларын көруге, супер кейіпкерлердің костюмдерін киіп көруге, сүйікті әртістермен суретке түсіруге мүмкіндік алады. Сондай ақ Marvel, Cartoon Network, Sony Sci-Fi, Nickelodeon, HBO компаниялардың фирмалық стенділері жұмыс жасайды.

ЭКСПО 2017 әлеуметтік желіде
Тіркел! Оқы!
ЭКСПО мұрасы
Astana EXPO 2017 - Happy
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2019 © ASTANA EXPO 2017