Баспасөз орталығы / Жаңалықтар

The Spirit of Eurasia EXPO-да өтетін болды
2019-07-01

The Spirit of Eurasia - 2019 қазіргі заманғы этникалық музыка фестивалінің ұйымдастырушылары шараның жаңа орнын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Орасан зор шоу 5 және 6 шілдеде EXPO аумағында жазғы сахнада өтеді. Жаңа алаңды таңдау алдағы музыкалық шоуды одан әрі ұмытылмастай етеді. Техникалық жағынан да, логистикалық жағынан да EXPO-дағы жазғы алаң үздік ұжымдардың орындауында сапалы жанды дыбыста тамаша жарық шоуын жасауға мүмкіндік береді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, The Spirit of Eurasia өткізу туралы келіссөздер дәл осы жерде ұзақ уақытқа созылған, алайда алаңдағы апта сайынғы концерттерге байланысты техникалық дайындық үшін уақыт жеткіліксіз болғандықтан осындай шешім шыққан. Нәтижесінде шара орны ауысып, енді фестиваль қонақтары алдағы орасан зор шоудың қызығына куә бола алады.

Бұған дейін The Spirit of Tengri заманауи этникалық музыка жобасы EXPO-да өз концерттерін ұсынды. 2017 жылы мұнда Niyaz америкалық-иран-түрік жобасының мультимедиалық шоуы және әлемге әйгілі этномузыкант Дафер Юссефтің (Dhafer Youssef) жеке концерті өтті.

Осы екі күнде сахнаға EthnoWorld жанрында өнер көрсететін әлемнің 14 елінен 13 керемет ұжым көтеріледі. Сахнада әр түрлі халықтардың, тілдер мен құрлықтардың мәдениеті тағы да кездеседі. Жұма күні және сенбі күні шара 17.00-де басталады, кіру тегін.

Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/music/The-Spirit-of-Eurasia-EXPO-da-otetn-boldyi-299157/

 

ЭКСПО 2017 әлеуметтік желіде
Тіркел! Оқы!
ЭКСПО мұрасы
Astana EXPO 2017 - Happy
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2019 © ASTANA EXPO 2017