Баспасөз орталығы / Жаңалықтар

Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ» және «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ туризмді дамыту саласында ынтымақтастық туралы келісті
2019-07-10

Меморандумға «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Ербол Шорманов және «Kazakh Tourism»ҰК»АҚ Басқарма Төрағасы Өркен Бисақаев қол қойды.

Келісім елдің туристік әлеуетін Дүниежүзілік ЭКСПО-2020 Дубай көрмесі аясында ілгерілету,Қазақстан Республикасының Ұлттық павильонының контентін әзірлеу, сондай-ақ EXPO Іскерлік орталығы объектілеріне шетелдік және қазақстандық келушілерді тарту саласына бағытталған өзара тиімді ынтымақтастық.

Бүгінгі таңда серпінді жобалардың іске қосылуымен және жаңа объектілердің ашылуымен EXPO аумағы іскерлік белсенділіктің жаһандық кешеніне, экономика, мәдениет және еліміздің ғылыми-техникалық прогрессіндегі жаңажетістіктерорталығына айналды. EXPO іскерлік орталығы – бұл өзіне ойын-сауық және көрме іс-шараларын бір кешенде топтастырған біздің уақыттыңең ауқымды және инновациялық кластерлерінің бірі. Іскерлік орталықтың інжу маржаны – «Нұр Әлем» Сферасы өзінің ерекше сәулетімен және ішкі мазмұнымен туристер тартатын елордамыздың визит карточкасы болып табылады.

Меморандум аясында тараптар халықаралық іс-шаралар шеңберінде Қазақстанның туристік брендін алға жылжыту, Қазақстанның туристік порталында және Kazakh Tourism сайтында бірыңғай фото-видеобанк құру, сондай-ақ туризмнің барлық салаларында тәжірибе алмасу мәселелері бойынша келісімге қол жеткізілді.


ЭКСПО 2017 әлеуметтік желіде
Тіркел! Оқы!
ЭКСПО мұрасы
Astana EXPO 2017 - Happy
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2019 © ASTANA EXPO 2017