Баспасөз орталығы / Жаңалықтар

EXPO іскерлік орталығында мототриалдан әлем чемпионы қонақта болды
2019-08-01

Испаниядағы 2018 жылғы әлем чемпионы Джерони Фахардо және Германиядан келген «Exponential Group» басқарушы директоры Флориан Бехренд EXPO келушілерімен өздерінің жетістіктері, жарқын эмоциялары және өмірге деген позетивті құлшынысымен бөлісті.

Нұр-Сұлтан қаласына «Темір тұлпардың» ең үздік шабандоздардың келуі кездейсоқ емес: мотоциклистер шетелдік саяхатшылар үшін Қазақстандағы экстремалды туризмнің маңызы туралы кең көлемді бейне-жобаны дайындауда. Деректі фильм Еуропаның көптеген спорттық арналарында көрсетіледі.

Флориан Бехренд, жоба жетекшісі:

- EXPO іскерлік орталығын зерттеу нүктесінің бірі ретінде таңдалуы тегін емес, мұндағы нысандардың сәулеті мен «Нұр Әлем» Сферасының таңғажайып сұлулығымен ерекшеленеді. Екі жыл бұрын мен «ЭКСПО-2017» көрмесінің ашылуында болдым, дархан даланың астанасы сол кездегі Астана қаласының көркінің кереметтігі маған үлкен әсер қалдырды. Сондықтан мен өзімнің бес ұлыма осы әдемі қаланы көрсеткім келді. «Нұр Әлемге» барғанда мен және отбасым болашақта болғандай сезім алдық. 

Джерони Фахардо, мототриалдан Вице-чемпион:

- Мен Қазақстанда алғаш рет болып тұрмын. Мотоциклмен қаланы аралап көріп, қатты қуандым, және әлемдегі ең үлкен Сфераны аралап көргенімде үлкен әсер алып, жан дүнием эмоцияға толы болды. Болашақта менқонақжай елге оралып, әріптестерім мен достарымды шақырамын.

 

ЭКСПО 2017 әлеуметтік желіде
Тіркел! Оқы!
ЭКСПО мұрасы
Astana EXPO 2017 - Happy
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2019 © ASTANA EXPO 2017