Баспасөз орталығы / Жаңалықтар

Құрылысшылар күніне орай салтанатты марапаттау рәсімі
2019-08-09

Бүгін «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-да Құрылысшылар күніне арналған салтанатты жиналыс өткізілді.

Қоғам Басқарма Төрағасының орынбасары Владимир Лютов құттықтау сөзін сөйледі. Өз сөзінде ол құрылысшы мамандығының бүкіләлемдік роботтандыруға бағытталған трендке қарамастан таптырмайтын мамандық болып табылатынын баса айтты.

- «Менің ойымша, құрылысшы мамандығы бұл қазіргі қоғамның басты және баға жетпес мамандығы. Адам еңбегінің «ақылды» машиналарға белсенді түрде ауыстырылып жатқанына қарамастан мен мұны біздің ортақ кәсібімізге қатысы жоқ деп үлкен сеніммен айта аламын, өйткені бүкіл отбасыға арналған жайлы үйлерді, біздің балаларымыз үшін балабақшаларды және ауруханаларды салу үшін мықты білек қана емес, адамның мейірімге толы жүрегі де қажет», - деді В. Лютов.

Басқарма Төрағасының орынбасары ЕХРО объектілерін көрмеден кейін пайдалану жобасын іске асырудағы жетістікке Қоғам қызметкерлерінің, сондай-ақ сәулетшілердің, жобалаушылар мен құрылысшылардың жүйелі еңбегінің арқасында қол жеткізілгенін айта кетті.

Іс-шара соңында В. Лютов ұлттық компания қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен және құрмет грамоталарымен марапаттады. Сонымен қатар көптеген қызметкерлерге «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Е.Шормановтың атынан алғыс хаттар берілді. 

 

 

ЭКСПО 2017 әлеуметтік желіде
Тіркел! Оқы!
ЭКСПО мұрасы
Astana EXPO 2017 - Happy
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2019 © ASTANA EXPO 2017