Баспасөз орталығы / Жаңалықтар

Алтындай жарқыраған қола: ЭКСПО командасы «Qazaqstan Qyzmet Сup» -та үшінші орынға ие болды
2019-08-14

13 тамызда «Astana Arena» стадионында мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор компанияларының арасында футболдан Жазғы кубок – «Qazaqstan Qyzmet Cup–2019» қорытынды жарысы өтті. Бұл футбол кешінде біздің ЭКСПО командамыз «Nur Otan» партиясының командасын сенімді жеңді. «Покерді» өз есебіне Ұйымдастыру-кадрлық жұмыс департаментінің бас менеджері Достан Мұқият жаздырса, «дубльді» Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің бас менеджері Ғалымұлы Мәдидің есебінде, сондай-ақ Құрылыс департаментінің бас менеджері Сандықбаев Ернар да гол соқты.

Қорытынды матчтағы жеңіс және «KEGOC» компаниясының ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне қарсы матчтағы жеңілісі біздің командамызға жалпыкомандалық есепте үшінші орынға көтеріліп, чемпионаттың қола медалін жеңіп алуға мүмкіндік берді.

Бұл аталмыш чемпионатқа тек екінші рет қатысып отырған ЭКСПО командасының үлкен жетістігі.

Айта кетейік, «Чемпионаттың үздік қорғаушысы» атағына Ұлттық компанияның қызметкері Әбдірахманов Алтай ие болды.

Лайықты үшінші орын біздің командаға а.ж. 16-18 тамызында Щучинск қаласында өтетін «Qazaqstan Qyzmet Сup-2019» аймақтық чемпионатына қатысуға мүмкіндік береді.

 

ЭКСПО 2017 әлеуметтік желіде
Тіркел! Оқы!
ЭКСПО мұрасы
Astana EXPO 2017 - Happy
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2019 © ASTANA EXPO 2017